Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Астана күні - барша қазақтың тойы, көпке ортақ мереке! Бұл біздің еліміздің жаңа орда тігіп, ақ сарай салдырған күн. Ұлы өзгеріспен әлемді таңдандырған күн. Астана қаласының туған күніне орай Аққала ауылдық округінде балалар алаңы және Ақой ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды.
Бұл күні «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 250 ге жуық түтіні бар Аққала ауылдық округінде балалар ойын алаңы ашылды, оған 777 мың теңге қаражат жұмсалды. Бұл Аққалалық бүлдіршіндер үшін қуанышты жаңалық, мерекелік тарту болды.

– Бала біздің болашағымыз деп Елбасымыз үнемі жастарымызға назар аударып келеді. Елімізде мемлекеттік өңірді дамыту бағдарламасы аясында игілікті істің бастамасы, яғни Аққала ауылында балалар ойын алаңының ашылуына куә болып отырмыз. Бұл ойын алаңына ата-аналар балаларын ойнатып, әрі өздері де демалып қайтады, - деді балалар ойын алаңының салтанатты ашылуында аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов. Сондай-ақ, ол ауыл тұрғындарын келе жатқан Астана күнімен құттықтады. Бұдан кейін зейнеткер, ардагерлер кеңесінің төрағасы Қинаят ақсақал құттықтау сөз сөйлеп, балалар ойын алаңы бүлдіршіндер үшін үлкен қуаныш екенін айтты. Бұған атсалысқан барлық азаматтарға алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Бұдан кейін ойын алаңының лентасы қиылып, қуанышқа ортақтасып келген ауыл тұрғындары балаларымен ойын алаңына алғашқы қадамдарын жасап, алаңның іші мәре-сәре болды.
Берекесі мен бірлігі жарасқан Ақой ауылында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында дәрігерлік амбулатория ашылды. 294 астам тұрғыны бар ауылдың сырқаттанған тұрғындары осы уақытқа дейін округтің медпунктіне немесе аудан орталығына барушы еді. Өз ауылдастарының жағдайын ойлаған елжанды азамат Қайрат Советбекұлының бүгін арманы орындалған күн болды. Ол перзенттік парызын өтеп, ауыл тұрғындарын тағы бір қуантып тастады.
Құрылысы өткен жылы қолға алынған жаңа ғимаратқа жылу, ауызсу толықтай кіргізілген. Заман талабына сай салынған ғимараттың 3 бөлмесі бар. Жергілікті атқарушы билік тарапынан медициналық кадр мәселесі де шешіліп, екі адам жұмыспен қамтылды. Дәрігерлік амбулаторияның тізгінін жас маман Арман Сиянов қолына алды. Тағы бір «Рустам» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Советбекұлының мәрттігі жас маманды баспанамен қамтамасыз етті.
Ғимараттың ашылу салтанатында аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады: - Жас елорданың мерекесі әрбір қазақстандықтың жүрегіне қуаныш ұялатып, ертеңге деген сенімді шындай түсуде. Қазақстанның бүгінгі Астанасы – қарыштап дамыған мемлекеттіміздің символы болса, Ақойлықтар үшін Ақой ауылы сіздердің астаналарыңыз іспеттес. Сондықтан Қазақстанның бас қаласы одан әрі гүлдене берсін! Астана күні құтты болсын!, - дей келе ауыл азаматы Қайраттың үстіне шапан жауып, аудан әкімінің атынан алғыс хатын табыстады. Мерекелік шарада ауылдың ардақты ақсақалы Ермек Ақшолақов атамыз өзінің тілегін білдірді.
Жаңа нысанның лентасын қию рәсімін аудан басшысы Асхат Сайдахметұлы ауыл ақсақалы Шахизат Атиев және Алтын алқа иегері Жұман апа жасап, шашу шашылды.
Самиға Қайырбаева, зейнеткер, Ақой ауылының тұрғыны:
- Біздің Қайрат баламызға айтар алғысымыз шексіз. Жанына жамандық бермесін үнемі ауылдың қамын ойлап, еңбек етуде. Ауылдағы дәрігерлік амбулаториямыздың болашағы зор болсын деймін, барлық ауыл тұрғындарын Астана күнімен құттықтаймын.
Роза Тоқсанбаева, Аққала ауылының тұрғыны, зейнеткер:
- Ауылда балаларымыз бен немерелерімізге арналып ойын алаңының тұсауы кесілгеніне, өте ризамыз. Аналардың атынан алғысымды айта отырып, осындай жақсы істердің куәсі бола берейік деген тілегімді білдіремін. Жақсы іске атсалысып жатқан ауылдың азаматтарына көптен-көп рахмет!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз