Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Асхат Смаиловтың төрағалық етуімен аудандық әкімдіктің кезекті отырысы болып өтті. Әкімдік отырысының күн тәртібінде бруцеллез ауруының алдын алу және болдырмау бойынша қабылданған шаралар, ветеринариялық-санитариялық жағдайды тұрақтандыру, қоғамдық тәртіп сақшыларының жұмысын ұйымдастыру, Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу сынды өзекті тақырыптар қаралды.

Аудан әкімі әкімдік отырысына қатысушыларға жаңадан тағайындалған Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысын таныстырды. Жаңа басшы Талғат Қабиұлы Қаймулдиновтың еңбек жолын атап өтіп, жаңа қызметте жетістік тіледі.
Бруцеллез ауруының алдын алу және болдырмау бойынша қабылданған шаралар туралы ветеринария бөлімінің басшысы Ербол Төлешов баяндама жасады. Баяндамашының ақпараты бойынша ауданда бруцеллез ауруы өршіп тұр. Жыл басынан бері анықталған ауру мал басы еселеп артқан. Осы тұрғыда жыл сайын қайталанып отырған ауру ошақтарының көзін жою үшін мал иелеріне қойылатын талапты күшейтуге баса назар аударылды. Аудан әкімі ветеринарлық қызметтің жұмысын сынға алды.


- Ветеринарлық қызмет қойып отырған талапты орындамаған мал иелеріне қатаң шара қолдануды тапсырамын. Оң нәтиже көрсеткен мал уақытында жойылып, аурудың ошағын анықтау керек. Бұл тұрғыда ветеринарлық қызметтің жұмысын жеткіліксіз деп санаймын, - деді Асхат Сайдахметұлы.
Ветеринариялық-санитарлық жағдай да сын көтермейді. Мал қорымдары ешбір талаптарға сай емес. Ауылшаруашылық малдарын идентификациялау жұмысы жүйелеуді қажет етеді.
Қоғамдық тәртіп сақшыларының жұмысы туралы жергілікті полиция қызметінің басшысы Фирхат Мавлютов ақпарат берді. Аудандағы қоғамдық қауіпсіздік жағдайы тұрақты сақталып келеді. Десек те мал ұрлығы сынды қылмыстың артуы байқалады. Бұл тұрғыда аудан әкімі қоғам болып күресудің маңыздылығына назар аудартты. Әрбір ауылда учаскелік полиция инспекторына көмектесетін қоғамдық сақшылар жұмысын ұйымдастыруды аппарат басшысына жүктеді.
Сонымен бірге, Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу бойынша жоспарланған іс - шаралар туралы ақпарат тыңдалды. Ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаевтың ақпаратымен танысқан аудан басшысы Астананың 20 жылдығын жоғарғы деңгейде атап өтуіміз керектігін айтты.
Әкімдік отырысының соңында тиісті қызмет басшыларына және аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар беріліп, міндеттер қойылды.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз