Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елге етене жақын аудан басшысы Асхат Смаилов шағын ауылдардың ахуалымен танысуын жалғастыруда. Өткен аптада жұмыс сапарымен бірқатар ауылдарда болып, ондағы мәселелердің мән-жайын бағамдап қайтты.  Аудан басшысы ауыл тұрғындарымен кездесуі барысында шағын ауылдардың қордаланып қалған мәселелерін шешудің маңыздылығына баса назар аударды.

Маслихат хатшысы Талғат Сармановпен бірге барған елді мекен – Көкпекті ауылдық округіне қарасты Ұзынбұлақ ауылы. Бір кездері аудандағы тың игеруші алпауыт кеңшар болған Ұзынбұлақта қазір 30-ға жуық тұрғын ғана қалған. Аудан орталығының дәл іргесіндегі ауылдың халқы егін егіп, мал асыраумен күн көріп отырған еңбекқор жандар. «Арна» шаруа қожалығының басшысы Мұрат Жакупов ауылдағы 10 отбасын жұмыспен қамтып, шаруасын дөңгелетіп отырған іскер азамат. Ауылға арнайы ат басын бұрған аудан басшысына Мұрат Кеңесұлы шаруа қожалығының базасын таныстырып, клуб үйін көрсетті.
- Әрбір ауылға көңіл бөлеміз. Шағын ауылдардың түйінді мәселелерін кезегімен шешуге тырысамыз. Ауыл тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіліп, жолдары үнемі күтімде болып, уақытылы қардан аршылып отыруы тиіс, - деп атап өтті Асхат Сайдахметұлы.
Ажа, Ақсу және Үшкөмей ауылдарына жұмыс сапары барсында бірқатар түйінді мәселелер бойынша жауапты қызмет басшыларына міндет жүктелді. Ажа мектебінің директоры Әділбек Қауысовтың жұмысына жақсы баға беріп, түтіні түзу ауылдың ауыз су мәселесін шешу алдағы күннің басты міндеттерінің бірі екенін жеткізді. Үшкөмей ауылындағы шағын кешенді мектептің ұжымымен танысып, жаңа оқу жылына дайындықтарын көрді. Тассай ауылындағы Бөдес ата мешітіне бұрылып, таяуда елжанды азамат Марат Каликовтың демеушілігімен жасалған ағымдағы жөндеу жұмыстарына куә болды.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз