Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биылғы жылы балаларды қорғау күні мерекесі  біздің еліміздің барлық балалары үшін ең жарқын және есте қаларлық оқиғалар күніне айналды.Алғаш рет үлкен және кіші қала-ларда, ауылдар, кенттерде мерекелік республикалық балалар шеруі өтті. Балалар оркестрлер ансамбльдері, оқушылардың би топтары, көптен күткен жадыраған жаздың, жазғы каникулдың басталуын паш еткендей.

 

Бұл еліміздің мәдени өміріндегі бірегей оқиға ҚР білім және ғылым Министрлігінің бастамасы бойынша «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру мақаласы аясында өткізілді. Шерудің мақсаты «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру жағдайында оқушылар мен студенттердің салтанатты, көше - шерулер эстетикалық және патриоттық тәрбие беру факторы ретінде қолдау және дамыту болып табылады.
1 маусым күні Самар ауылының мәдениет үйінің орталық алаңында өткен салтанатты шеруге Көкпекті ауданының орта және негізгі мектептерінің оқушылары, Самар аграрлы-техникалық колледжінің студенттерінен құрылған 600 адам қатысты. Мереке түрлі-түсті тауыстай түрленіп, жарқыраған униформалар, ұлттық костьюмдермен балалардың күлкісімен қуанышына ұласып, әуені жаңғыртты. Алаңсыз, жаздың алғашқы мереке күнін, достарымен кездесуді сағынған балалар есте қаларлық көріністі тағатсыздана күтті.
Әр мектеп шеруге қатысуға оқу озаттары,мектеп мақтаныштары, спортшылар, аудандық, облыстық олимпиа-да, байқаулардың жеңімпаздарын іріктепті. Аталмыш іс-шараға балалар айға жуық дайындалды, мереке ұйымдастырушыларымен бірнеше рет дайындық өткізді. Салтанатты шеруге қатысушылар үшін арнайы костюмдер тігілді. Әрбір саптағы балалар еліміздегі алуан түрлі ұлттар мен ұлыстардың түрлі-түсті костьюмдерін киді. Көрермендер ауқымды және таңғажайып көрініске тәнті болды. Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин шеруге қатысушыларды халықаралық балаларды қорғау күнімен және жазғы каникульдың басталуымен құттықтады:
- Қымбатты балалар! Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтаймын. Балаларымыз қандай азамат болып өседі, және болашақтары қандай болатыны, ересектер біздерге байланысты. 1 маусым – тек мереке емес, бұл әрбір баланың тағдыры үшін қоғамның жауаптылығын тағы бір мәрте ескерту. Баршаңызға денсаулық, ашық аспан, бақыт және әр отбасына табыс тілеймін.
Сондай-ақ, аудандық білім беру, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Шолпан Мұстафинова кең көлемде аталып өткен шараны, мектеп оқушыларының белсенді қатысқандарын айта келе, балаларды бүгінгі мерекемен құттықтады. Жазғы демалыста жақсы демалуына, жаңа оқу жылын жаңа күшпен бастауына тілек білдірді.
Әрине, мұндай іс-шаралар бала-лардың өз мектебінде деген бірлік сезімін арттырса, ал екінші жағынан оқушының шығармашылығын және әлеуетін дамытады.
Мұнда алаң аумағында Самар орта-лық кітапханасының қызметкерлері «Openair» -«ашық аспан аясында оқу» акциясын өткізді. Балалар өздеріне ұнаған кітаппен танысып, түрлі-түсті журналдарды көріп кітап көрмесіне қызығушылық танытты. Ауқымды шоу әр округтен келген балалардың әсерлі және тамаша концертіне ұласты.
Сұлтан мен Кәусар Аргеновтар, мереке көрермендері:
- Бүгінгі мереке барлық балаларға арналған, демек көптеген тәттілер, балмұздақ, тіпті сыйлықтар болады. Балаларды мерекемен құттықтаймыз! Біз әпкем екеуіміз барлықтарыңызға зор денсаулық, жазғы каникулда жақсы демалыс тілейміз. Тамаша мереке үшін барлықтарыңызға рахмет.
Ауқымды шоу мереке иелері ауданның және округтің оқушыларының қатысумен өткен әсерлі және тамаша концертпен аяқталды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз