Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Құрметті Көкпекті ауданының тұрғындары!
Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Арайлы азаттығымыздың кепілі – Мемлекеттік рәміздер дүниеге келіп, Елбасының Жарлығымен 4 маусым күні мемлекеттік маңызы бар айтулы күндердің  қатарына қосылды. Бұл күн – ақталған үміт күні болып біздің егемен Қазақстан тарихының төрінен орын алды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер», - деп рәміздердің ел өміріндегі маңызын сипаттаған болатын.


Біз – қазақстандықтармыз және мұны зор мақтанышпен айтамыз. Қазақстан мемлекетін құру, қазақстандық болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын боламыз. Ендеше әрдайым бар болайық, бір болайық, ата-баба армандаған азат елімізбен жарқын болашаққа бірге барайық.
Елтаңбамыз, Туымыз, Әнұранымыз қазақ елінің барша болмысын, бүгіні мен ертеңін бойына сіңіріп, жүрегімізді мақтанышқа толтырады. Осының бәрі – Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Оның ерекшелігі сол – Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Әнұраннан бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңсесі биік азаматтары қалыптасады.
Құрметті жерлестер!
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін! Халықтың мақсат мұратын дәріптеген мәртебелі мереке құтты болсын!


А.Смаилов, аудан әкімі
Т.Сарманов, аудандық маслихат хатшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз