Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудандық Мәдениет үйінде 7 ақпан күні Көкпекті ауданы әкімі Р.Н.Сағындықовтың 2017 жылы атқарылған жұмыстары туралы есептік жиыны өтті. Кездесу жұмысын аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сарманов ашып жүргізді. Сонымен қатар жиынға қатысушы Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің инспекторы Т.Байзатов, ШҚО әкімінің орынбасары Ш.Байбеков, ауылдық округ әкімдері, ардагер ақсақалдар, шаруашылық басшылары, жеке бөлім басшылары, заң органдарының қызметкерлері, дәрігерлер мен ұстаздар, қарапайым ауыл тұрғындары қатысты. Әдеттегідей, әр жылдың алғашқы айында өткен жылдың қорытындысын шығарып, жаңа жылға тың серпін беретін міндеттер талқыға салынатын әкімдердің есеп беру кездесулері билік пен тұрғындар арасын жақындатып қана қоймай, көкейде жүрген бірқатар түйткілді сұрақтардың оң шешімдерін табуға да жол ашатыны рас.
2017 жылы атқарылған аудан көлеміндегі нақтылы істердің мән-жайын Рамиль Нығметжанұлы өз баяндамасында жеткізе білді. Жаңадан босағадан аттап кірген жылда аудан көлемінде тындырылатын жұмыс жоспарымен таныстырып, жан-жақты талдау жүргізді. Аудан басшысы мақсатты бағытталған берекелі істің нәтижесін, атқарылған жұмыстарды егжей-тегжейлі баяндап, есептік кезеңдегі ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму динамикасындағы оң өзгерістерді тізбелеп берді.


-Ауданда бюджетке салық пен төлемдердің түсуі қамтамасыз етіліп, қаржы базасы нығайды. 2018 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетіне 4703,9 млн.теңге түсіп, табыс жоспары 101,6 пайыз орындалды. Бюджет шығыны 99,0 пайыз. Бюджет әлеуметтік салаға бағытталған. Негізгі үлес білім беру саласында - 63 пайыз.
2018 жылы экономика және қаржы бөлімі, селолық округ әкімдерінің алдына қойылған міндет: Бюджет қаражатын жоспарлы және тиімді қолдану. Қосымша кіріс көздерін анықтау. Экономиканың жетекші саласының бірі шағын кәсіпкерлік. Бүгінгі күні кіші және орта бизнесте 1633 субъект тіркеліп, онда 4 300 адам жұмыспен қамтылған. Жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін 2017 жылы «Көкпекті – Несие» ЖШС арқылы 658,0 млн. теңге көлемінде несие беріліп, қаржылық қолдау көрсетілді. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының 1 бағыты бойынша 359,5 млн. теңгеге 9 жоба құпталды. Жалпы ішкі өнімдегі өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 3.5 миллиард теңгеден астам. Даму қарқыны сақталып қалды.
- Ауданда сүтті мал шаруа-шылығын дамыту бойынша бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. 2017 жылы Көкжыра ауылында «Серік» ШҚ және Көкпекті ауылында «Қалиқанұлы» ШҚ екі сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша цехтар ашылды. 2018 жылға ауданда 2 ірі жоба жоспарланды. Ол «Намыс» ШҚ «50 бас малға арналған ТСФ құру» жобасы, «Өрнек» ЖШС «300 басқа арналған» сүт-тауарлы фермасының құрылысы.
Егістік алқаптарының кө-лемі 188 680 гектар. 2017 жылғы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқап-тары – 154,4 мың га. Өткен жылы аудан тұрғындарымен 853,0 млн. теңгеге жүзге жуық ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды, - деген сөздермен ойын түйіндеп, аудан тұрғындарына ізгі тілектерін арнады.
Жарыс сөзге бірінші болып шыққан аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы Мұқашев - Біз бүгін аудан әкімінің бір жылда атқарған жұмысы туралы есебін тыңдадық. Жыл көлемінде ауданда біршама жұмыстар атқарылды. Аудан экономикасының әр саласында өсу деңгейі бар. Жыл сайын жағдай жақсарып келеді. Соңғы жылдары ауданда оң өзгерістер жетерлік. Елбасының сарабдал саясаты арқасында небір игілікті, елге, халыққа пайдасы бар істердің куәсі болып отырмыз. Әрине, оның бәрі оңайлықпен келіп жатқан жоқ. Рамиль Нығметжанұлының атқарған жұмыстары халықтың көз алдында. Аудан тұрғындарының көкейінде жүрген бір мәселені ортаға салуды жөн көріп отырмын. Көршілес Зайсан ауданынан көгілдір отын - газ өндіріліп, зайсандықтар сол газды күнделікті тұрмыста қолданып отырғаны біз үшін өте қуанышты оқиға. Өз жерімізден шығатын газды біздің аудан тұрғындары да неге пайдаланбасқа? Рахатын көрмеске? Осындай сауалдар көкейімізде орнап, Сіздің осы мәселеге көңіл аударуыңызды сұраймыз. Мүмкін болашақта Көкпекті ауданын газбен қамтамасыз ету жолын қарастыру мүмкіндігі туындайтын шығар деген сенімдеміз!, - деп жерлестеріне жүйелі ойын жеткізді.
«Теректі» ШҚ басшысы, аудандық мәслихат депутаты Қанат Бидахметұлы Садықов өз сөзінде ауыл шаруашылығы экономикалық дамудағы басты бағыт болып табылатын ауданымыздың шаруаларына мемлекет үлкен көмек беріп отырғаны туралы және шаруа-шылық басшыларының іскер ұйымдастырушылығымен қол жеткен табыстарға тоқталып, жиналған қауымға жылы лебізін білдірді.
Сонымен қоса, сөз кезегін алған аудандық мәслихат депутаты Дархан Дюсембаев ауданымызда Елбасының бас-тамасымен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткен елеулі іс шараларды тілге тиек етіп, аудан басшының жастарға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді - Көкпекті ауданының келешегі жастардың қолында. Олай болса, міндет те, мүдде де баршамызға ортақ. Тек еңбегіміз екпінді, істеріміз ілкімді, тірлігіміз тиянақты болсын!, - деді Дархан Бердібекұлы.
Ал, Самар орта мектептің директоры В.Кутателадзе аудан көлеміндегі білім беру жүйесіне тоқталып өтіп, мәлі-мет берді. Есептік кездесуде Қуан Түсіпбеков, Алтынғазы Оразаев, Минтаж Ысқақов, сынды ауыл ақсақалдары өздерін толғандырып жүрген мәселелерді ұсынып, аудан басшысының жұмысына оң бағаларын берді. Ауыл тұрғыны Р.Галиев орталықтағы су бұрқақтың маңындағы тазалықтың жайын айтты.
Жиын барысында аудан жұртшылығының әкімнің есебіне көңілі толғаны, берген бағасы жағымды екенін байқадық. Елімізде жүргізіліп жатқан саясаттың, Елбасы Н.Назарбаевтың қазақстан- дықтардың әл - ауқатын арттыруға бағытталған жыл сайынғы Жолдауларын жүзеге асыру арқылы экономикалық өсім мен әлеуметтік кепілдемелерді қамтамасыз ету жолында, аудандағы атқарушы биліктің қол жеткізген табыстары ауыз толтыра айтарлық екені де көрер көзге аян. Аудан дамуының барлық салалары бойынша 2017 жылы алдыңғы жылмен салыстырғандағы ілгерілеулер мен жетістіктер, көрсеткіштерді ауыл тұр-ғындары алақандағыдай етіп экраннан слайд арқылы тамашалады. Жиынға қатысқан жұртшылықтың басым көпшілігі аудан басшысының жұмысын бағалап, еңбектеріне жеміс, жаңа жылда да толағай табыстар тіледі.
Қуандық Сағалов және Базар Хамзин тыл еңбеккерлері, Көкпекті ауылы: - Жыл сайын қатысып тұрамын. Ауыл және аудан әкімдерінің жұмысына оң баға беремін. Ауылдық округте жұмыстар жүргізіліп отырады. Қыста жолымыз уақытында тазаланып, тұрғындарға жағдай жасалып тұрады. Аудан әкімінің де жыл бойғы атқарған жұмыстары көңілге қонымды, мақтауға тұрарлық.
Рысгүл Райханқызы, Миролюбовка орта мектебінің директоры: - Жыл сайынғы есептік кездесулер халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналғаны қуанышты. Көпшілік көптен күтетін науқан. Есептік баяндамадан мемлекеттік бағдарламалардың аудан дамуына қосқан орасан әсерін анық байқауға болады. Өңірлік бағдарламалардың сәтті жүзеге асырылуы халықтың әл-ауқатын арттыруға тікелей әсер етеді.
Жанар Сарманова, Мемлекеттік кірістер бас-қармасының бас маманы: - Аудан әкімінің бұл жолғы есебі өте жоғары деңгейде, мазмұнды да әсерлі өтті. Әкімнің осы қызметке мұң-мұқтажы көп аудан тұрғындарының жағдайын тереңнен ойлай келгені, баяндамасының жан-жақтылығы, көп мәселелерді дөп басқан жігерлі жоспарлары, азаматтық ой-өрісінің биіктігі, бәрі көңілімізден шықты.
Индира Ысқақова, «Көкпекті Толағайы» балабақшасының психологы: - Елбасының тапсырмасына сәйкес бірнеше жылдан бері барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру жиындары өткізіліп келеді. Осынау маңызды саяси шара билік пен халық арасындағы байланыстың дәнекеріне айналды. Келелі басқосулар жергілікті жерлердегі әлеуметтік түйіндердің дер кезінде шешілуіне ықпал жасады. Біздің аудан алға қарай қадам басып, жаңа қарқында дамып, өсіп келеді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз