Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1979 жыл 25 желтоқсан және 1989 жыл 15 ақпан. Бұлар тарихта қанды ізі, сан жүректе жазылмас жарасы қалған жылдар мен күндер.15 ақпан ерекше күн, біз бұл күні ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.
Ауған соғысы ешқашан да естен кетпек емес. Сол соғыста Отан алдында берген анттарына адал болған, өздерінің батылдығы мен жанқиярлығын паш еткен ұлдарын, борыштарын мүлтіксіз атқарған азаматтарды құрмет тұту әрқайсымыздың борышымыз.
Бүгінгі күні ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз бейбіт өмірдегі жарқын істерімен, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктерімен, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектерімен ерекшеленуде. Олар өскелең ұрпақ үшін отансүйгіштік пен патриоттықтың жарқын үлгісі болуда. Сонау Ауған жерінде қару асынып, мұң арқалаған сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда ауданымыздың түкпір-түкпірінде еңбек етуде.


Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Көкпектіліктер бүгінгі күні де өз Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосуда.
Қымбатты Ауған соғысының ардагерлері!
Сіздер бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек етудесіздер. Бүгінгі күні де даңқты ерлік дәстүрлеріне адалдық пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келесіздер. Өшпейтін Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар.
Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілейміз. Табыстар мен сәттіліктер мол болсын!

Р.Сағындықов, аудан әкімі
Т.Сарманов, аудандық мәслихат хатшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз