Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 17 қаңтары күні «Нұр отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы ғимаратында Жастар орталығының ұйымдастыруымен алғашқы рет аудандағы жас-тар мәслихаты депутаттарының сессиясы болып өтті. Оған ауылдық округтерден келген 12 жас депутат, сонымен қатар ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Рахимбаев, аудандық жастар орталығы КМК директоры А.Қалыков, «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының бірінші орынбасары Г.Ақшабаева қатысты. Ж.Алпысбаев төрағалық еткен Сессияның күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Атап өтсек, Самар, Тассай, Белое, Бастаушы селолық округі бойынша жастар мәслихаты депутаттарының жұмыстары жайы ортаға салынды.


Сессия барысында Самар ауылындағы жастар мәслихаты депутаты С.Айдарқызы өткен жылдың 4 айында атқарған жұмысының есебі тыңдалып, болашақта жүзеге асырылатын жұмыстардың бағыттары мен міндеттеріне тоқталды. Сонымен қатар мемлекет басшысының биылғы Жолдауында белгіленген міндеттерге байланысты 10 өзекті бағыт анықталды.
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауылға келген жас мамандарға, жас отбасыларға қолдау көрсету, қарт адамдар мен ардагерлерге көмек беру үшін жастардан құралған еріктілер топтарын жасақтау, дебат клубтарының жұмысын қайта жандандыру, аудан көлеміндегі қоршаған ортаны қорғау бойынша жасыл ел бағдарламасы аясында түрлі сенбіліктер ұйымдастыру жөнінде сұрақтар қаралды. Жыл көлемінде жүргізілетін шараларды жастар мәслихатының депутаты ауылдық жастар саясаты маманымен бірлесе атқаратындығын айтты. Келесі күн тәртібінде қарастырылған сұрақ бойынша Тассай селолық округінде депутат Б.Байгереевтің айтуы бойынша жастардың бос уақытын ұйымдастыру және спорттың әр түрін насихаттау жұмыстарын алға тартты. - Осы мақсатта Қазақстанның атақты балуан ұлдарының бірі А.Нұғымаровпен ауыл жастарымен кездесу өтті. Жастардың бос уақытын өткізу негізінде көңілді тапқырлар командасы құрылған. Болашақта «Рухани жаңғыру» жобасы аясында жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстар әлі де жалғасады, - деді жас депутат.
Жастар мәслихаты депутаттарының сессиясы қорытындыланып, ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды. Жиын барысында жастар мәслихатының депутаттарын толғандыратын түйінді мәселелердің шешімі анықталып, барлық келушілердің ұсыныс, талап-тілектері назарға алынды. Атап өтсек, «Нұр отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының бірінші орынбасары Гүлбаран Майлыбайқызы болашақ жастардың қолында екенін айта келе, өздерінің белсенді еңбегінің арқасында ауыл тұрғындарының сеніміне ие болып, түйінді түйткілдердің тарқатылуына білек сыбана кірісетін жас депутаттар буыны қалыптассын деген тілек білдірді. Ал аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Азат Рахимбаев Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына орындау мақсатында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының фото есебін ұсынуларын ескертті. Алғаш рет өткен сессияны жастар орталығының директоры Азамат Серікұлы қорытындылап, аудандық мәслихаттың әрбір депутатының жеке алғандағы белсенділігін арттыруда, олардың беделін аудан тұрғындары алдында көтеруде, талап-тілектерін орындаудағы жұмыс әдісі мен түрлерін жетілдіруде едәуір жұмыс атқару қажеттігін айта келе, 2018 жылға арналған іс-шаралар жос-парымен таныстырып, міндеттер мен мақсаттарға тоқталып өтті.


Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз