Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жер шарында мамандықтар мен кәсіптер көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі мен жауапкершілігі бар. Соның бірі – өрт сөндіруші мамандығы.
Өрт сөндіруші епті әрі күшті болуы міндет. Ол үшін олар спортпен шұғылдануға үлкен назар аударады, жаттығу барысында өрт сөндіруде қолданылатын арнайы тәсілдер мен жаттығуларды шынықтырады. Өрт сөндірушілер әр минут сайын өз өмірлерін тәуекел етеді, өзіне қауіп төндіреді. Осындай асқан жауапкершілікті талап ететін мамандықты Дастан Оспанов таңдапты.
Дастан Көкпекті ауылының тумасы. 2009 жылдан бастап аталмыш бөлімшенің командирі қызметін атқарады.
Ержүректілік, батырлық, жанқиярлық – құтқарушыларға тән қасиеттер. Бұл мамандыққа кездейсоқ адам келмейді, өйткені, құтқарушы мамандығы жақсы физикалық дайындықты, жүйке бекемділігін, төзімділікті, тасып-тулаған апат алдында қорқынышты жеңе білу қабілеттілігін және әрине, мінсіз абырой-беделді талап етеді. Осы қасиеттер бойынан табылған Дастан, сөзінде өзінің мамандығы өзіне ұнайтындығы, және еңбек жолындағы алғашқы ұстазы Нұрлыбек Ахметұлы Әбілмәжіновты үлкен құрметпен айтады.
«Өрт сөндіруші-құтқарушы – ерлердің мамандығы». Онда ең бастысы – төзімділік және өзін-өзі ұстау. Өрт сөндіруші болу оңай емес. Бұл мамандықты тек рухы биік, нағыз шеберлер ғана атқара алады. Ендеше, жас өрт сөндірушілерге іске сәт деген тілек білдіреміз.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз