Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аптаның сәрсенбісінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында ІV-есептiк сайлау партиялық конференциясы өттi. Конференцияны ашып жүргiзген аудандық партия ұйымы төрағасының орынбасары Г.Ақшабаева. Конференция жұмысына ауылдық округ әкімдері, жастар саясаты мамандары, партияның белсендiлерi қатысты.
Конференцияның күн тәртiбiнде келесi сұрақтар қаралды Көкпекті ауданы бойынша «Жас Отан» Жастар қанатының атқарылған жұмыстары бойынша жастар орталығының директоры Азамат Халықовтың есебі, Көкпекті аудандық партия ұйымының жастар мәслихатының сайлауы; облыстық жастар мәслихатына өкiлдер сайлау қаралды.


Күн тәртібінде алғашқы сөз алған Көкпекті жас-тары қоғамдық бірлестіктің төрағасы, Көкпекті орта мектебінің мұғалімі, Жарбол Алпысбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы туралы баяндама оқыды. Ал, күн тәртібіндегі келесі мәселе «Жас Отан» Жастар қанатында атқарылған жұмыстары бойынша жастар орталығының директоры Азамат Халықов есеп берді:
- Ауданда 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың жалпы саны 6 676 адамды құрайды. Оның ішінде 3 мың 730 ерлер, 3 мың 515 қыз балалар. Аудан жастарының 4220-ы жұмысшы, 1065 студент, 14-18 жас аралығында 930 оқушы,109 мүмкіндігі шектеулі және 352 жұмыссыз. Білім беру мекемелерінде – 960 жас, мемлекеттік мекемелерде – 2412, денсаулық сақтау саласында – 112, құқыққорғау органдарында – 37, мемлекеттік қызметте – 22, 677 жас азаматтар мемлекеттік емес ұйымдарда АҚ, ЖШС жұмыс істеуде. 17 ауылдық округте 17 жастар ісі жөніндегі маман жұмыс атқаруда. Оның 15 мемлекеттік қызметкер, 2 инспектор. Әр тоқсан сайын жастар ісі жөніндегі мамандардың рейтингісі әзірленеді, - дей келе Азамат Серікұлы жастар орталығындағы жұмыстарды егжей-тегжейлі толығырақ баяндап өтті.
- Жалпы жыл көлемінде аудан жастары аудан атынан жан-жақты шараларға қатысып, аудан намысын абыроймен қорғап қайтты. Атап өтетін болсақ,Амангелді Ғизатоллаев қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турнирінің жүлдегері, Елназ Бақытбекова – республикалық «Жас Толқын» байқауында бас жүлдені иеленді, Рахат Байсақалов таэквондодан Белоруссияда өткен Әлем Кубогында 3 орынға табан тіресе, Ерболат Құнанбаев самбодан Қазақстан Республикасы Кубогының иегері.Жақында ғана Сая-хат Тұрлыбеков Тарбағатай ауданында өткен «Тарбағатай жұлдыздары» атты халықаралық ән фестивалінде 1 орынды иеленді. Бүгінгі күні жастардың сүйіп көретін, сүйсініп ойнайтын сайыстарының бірі - ол жайдарман. Ауданымыздың намысын қорғап жүрген жайдарман тобы үлкен белестерді бағындырып, республикалық ойындардан жүлдегер атанып жүр.
Есептiк баяндаманы Тассай ауылының «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрайымы С.Чалова,Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының маманы Рауия Наурызбаева талқылады. Жарыссөзге шыққан Сайраш Қалиқызы өз сөзінде:
- Қазақ халқының біртуар ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген өлеңінде айтылғандай, біздің болашағымыз жастардың қолында. Ауданда жалынды жастардың болғаны қуантарлық жағдай. Мемлекет тарапынан жастарға көп жағдай жасалынған, сондықтан барлықтарың осы мүмкіндікті пайдаланып, еңбек етулерің қажет. Жуықта болатын жастар мәслихатына депутаттар сайлауының өзі де сендердің болашақтарыңа апаратын алғашқы баспалдақтарың іспеттес. Сондықтан сіздерге айтарым, талаптарыңызға нұр жаусын, - деді.
Конференция барысында Көкпекті ауданы бойынша «Жас Отан» ЖҚ облыстық конференцияға баруға үміткер жастар сайланды. Конференцияның күн тәртібіндегі барлық сұрақтар қаралып, хаттама толтырылды.
Қайрат Алғазинов, Шұғылбай ауылдық округінің әкімі:
- Біз көп жағдайда жастардың ұсынысын, ойларын ескеріп отырамыз. Жастарда қандай мәселе бар, қалай шешімін табу керек екенін жастардан артық ешкім білмейді. Өзара тығыз қарым-қатынас ұстауға жастардың алдағы мәслихат сайлауы көп септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан сайлауға қатысатын жастарға сәттілік тілеймін.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз