Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Айдын жағасындағы ат төбеліндей ауылдың да ұлық мейрамды 22 мәрте тойлауы әдеттегідей салтанатты һәм жоғары деңгейде аталып өтті. Жиналған жұртқа ауыл басшысы Е.Мазыбаев жерлестерімізді мерекемен құттықтай келе аудан әкімі Р.Н.Сағандықовтың ауыл халқына деген шынайы ықыласпен арнаған мерекелік дәстүрлі құттықтауын, сондай ақ, тассайлық табысты кәсіпкер азамат Б.Әзімбаевқа арнайы жолдаған алғысын айтты. Округ әкімі сонымен қатар, біраз ауылдастарымыздың ел үшін атқарып жүрген еңбегін елеп, марапат жасап, құрмет көрсетсе, өз кезегінде «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрайымы С.Чалова партияның жұмысын бірге атқарысып бел шеше кірісіп жүретін көпшіл, белсенді ауылдастарға аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Г.Ақшабаеваның құттықтауы мен алғыс хатын салтанатпен табыс етті. Баршаға берекелі тілек тілеген ауылдың қадірменді ақсақалы Әлімхан аға мен М.Әуезов орта мектебінің байырғы ұстазы, партияның белді мүшесі М.Садықова да мынау ұлы күнге арнаған жүрекжарды көсем сөздерімен әлеуметті ұйытты. Осынау салтанатты шарада отансүйгіштік рухтағы ән жырларын арнаған ауыл көркемөнерпаздары Шынар мен Біржанға да жұрт тәнті болды.
Концерт арасындағы үзілісте клуб фоэсіне кітапханашы А.Маханова Конституция күні-не арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде «Қазақстан Республикасы Конституциясы», «Қазақтың ата заңдары» «Ұлы дала тарихы» «Тұлға туралы толғамдар» атты кітаптар мен картиналар қойылып, мерекелік салтанатты шараға келушілер кітап көрмесін ынта-ықыласымен тамашалады.

 

К.Байжұманов,
Тассай ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз