Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өту аясында Самар ауылының орталық базарында мерекелік жәрмеңке өтті. Самар ауылының тұрғындары және келген қонақтар түрлі-түсті өнімдер қойылған жәрмеңкеге бас бұрды.
Тұтынушыларға ауылшаруашылық саласының шикізаттары - ет, балық, сүт өнімдері, сонымен қоса, күз байлығы мен молшылығын паш ететін көкөністер, жергілікті көкөніс өсірушілердің қолымен өндірілген қызанақ, қияр, қауын, жүгері, бұрыш ұсынылды.


Бағалардың әбден қолайлы екендігін атап өту керек. Ет дүкенінің иелері жаңа сойылған ірі қара мал етін 1300 -1400 теңгеден ұсынды.
«Көкжыра-сүт» сүт цехының өнімдері (А.Қажиғалиев) ұзақ уақыттан бері тұтынушылардың көңілінен шығуда. Жәрмеңкеде сан түрлі сүт өнімдері - қаймақ, ірімшік және балық өнімдері – көксерке мен ақбөкеннің келісінің бағасы 400 теңгеден саудаға салынды.
Самар ауылының тұрғындары, әсіресе, зейнеткерлер бұл өнімдердің бағасының қымбат еместігін айтып, риза көңілдерін байқатты.
Әуесқой бал арасын өсіруші, Самар ауылының тұрғыны В.Кузьмин әкелген омарта өнімдері күнбағыс және қарақұмық балы қас-қағым сәтте саудаланып кетті. Ол бесінші маусымнан бері жәрмеңкеге қатысып, бал өнімдерімен тұрғындарды қамтамасыз етіп жүрген көрінеді. Владимир Николаевич биылғы жылы ауа райының құрғақшылығына байланысты, жиналған бал өткен жылмен салыстырғанда екі есе азайып кеткенін айтады.
Мереке күні өткен жәрмеңкеге көрші Палатцы және Сарыбел округтерінің шаруалары мен кәсіпкерлері де де белсенді атсалысып, күз байлықтарын ортаға салды.


Қанат ҚАЙЫРҒАЗЫҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз