Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өтті қызық көп күндер,

Бес жасқа да жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер, - деген өлең жолдарымен өз бастауын алған мерекелік шара балғын балдырғандарды, олардың ата-аналары мен барлық тәрбиешілерді шаттыққа кенелтті. Бұл күн – бүлдіршіндердің енді ғана тәй-тәй басып, былдырлап тілі шыға бастаған шағынан тәрбиелеп өсірген балабақшамен қоштасу кеші.Кеше ғана аяқтарын сүріне басқан сол балдырғандар бүгіндері би билеп, ән айтып, әріп танып, сан ажыратып, есеп те шығарады.

Балалар өмірінде қоштасу ертеңгілігі әрқашан да – мереке. Өмірдің белгілі бір белесін артта қалдырып, өмірдің жаңа бастауларына қадам басады. Мұндай оқиға әрбір бала мен ата-анасы үшін өте маңызды. Бұл ата-ана мен баланың бірігіп жасалған алғашқы қадамы болғандықтан өтілген ертеңгілік тек қана жақсы әсерін қалдырды. Шара барысында бүлдіршіндер тәрбиешілеріне, күтушілеріне, аспаз апайларына, музыкалық жетекшілеріне және балабақша меңгерушісіне тақпақтап алғыс айтып, өнерлерін ортаға салды. Атап айтсақ, балдырғандар қосыла шырқаған «Тәрбиеші мұғалім», «Детский сад» әндері, Д.Ермекованың мың бұрала билеген «Шығыс биі», ұл балалардың орындауындағы «Қызыл өрік» биі бөбектердің тыңғылықты дайындықтарын көрсетіп, көрермен көңілінен шықты. Сайқымазақ, буратино сияқты әр түрлі ертегі кейіпкерлеріне енген тәрбиешілер балалармен түрлі ойындар ойнады. Осы ойындар барысында балалар өздерінің оқу, есептеу қабілеттерінің деңгейін көрсетті. Дәрігер ағаларымен бірге дене шынықтыру жаттығуларын да жасады.Кеш барысында балабақша меңгерушісі А.Назарханова ата-аналарды, балаларды бүгінгі күнмен құттықтап, мектепке қадам басқалы тұрған бүлдіршіндерге балабақша өміріне белсенді араласқаны үшін марапаттаулар табыстады. Ата-аналар атынан сөз сөйлеген Р.Ташубаева балаларға мектепте алғыр, тәрбиелі болыңдар деген ақ батасын беріп, осы бүлдіршіндерді тәрбиелеуде зор еңбек сіңірген тәрбиешілерге үлкен аналық алғысын жеткізді.Ертеңгілік соңында әсем киінген бүлдіршіндер жұптасып вальс ырғағымен дөңгелене жүріп, ертеңгілікті аяқтады.

Ауданымыздағы белді балабақшаның бірінен саналатын «Балерке» тәрбиеленушілері алдағы өмірде де өздерін лайықты көрсете аларына ата-аналардың сенімі мол.

Арайлым МИРАТҚЫЗЫ

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз