Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінде республикамыздың экономикалық әлеуетінің барынша артып, халық тұрмысының күн санап жақсарып келе жатқаны баршаға аян. Осы ретте біз ел ертеңінің бұдан да нұрлы, бұдан да жарқын болатынын айрықша атап өткіміз келеді. Біз бұл ақиқатқа Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен танысу барысында көз жеткіздік. Жолдау тақырыбының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталуының өзі тегін емес. Яғни, бұл – тағы бір түлеп, тағы бір жаңғыру жолы. Сол арқылы Тәуелсіз Қазақстанның даңқын асырып, халқын шын мәніндегі Мәңгілік Елдің уайымсыз, қамсыз тұрғынына айналдырудың келесі бір сәтті қадамы деуге болады. Елбасы бұл Жолдауында Қазақстанның Үшінші жаңғыруының тетігі – бес басымдық пен кешенді үш міндетті белгілеп берді.


Елбасы Жолдауын жүзеге асыру қазақстандықтар үшін бүгінгі күннің басты тақырыбы екені айқын. Осыған орай, ел дамуына арналған басты құжатқа деген өз көзқарасы мен оның аудан аумағында қолға алынуы жөнінде Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Алмагүл Жанахметқызы Әкімовамен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
- Алмагүл Жанахметқызы, Президент Н.На-зарбаевтың Жолдауының негізгі бағыттарына тоқталып өтсеңіз?
- Ұлт Көшбасшысының жыл сайынғы Жолдаулары бір жағынан еліміздің даму көрсеткіштерінің нәтижесін көрсетсе, екінші жағынан алдағы жұмыстардың бағыт-бағдарларына нұсқау береді және қандай іс-әрекеттер жасау керектігін жоспарлайды. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының негізінде жасалады.
Менің ойымша, биылғы Жолдаудың бас-ты ерекшелігі сол, бүгінгі күні қазақстандық қоғамдастықтың алдында шешімін күтіп тұрған ішкі мәселелерге қатыстылығы жоғары деп айта алам. Бұл елдің әр азаматы үшін әрі қарай дамудың әр қадамы түсінікті бағдарлама. Оның ең басында экономиканы өсіру жылдамдығының бес басты басымдықтары тұр. Оларға қол жеткізу арқылы 30 дамыған елдің қатарына қосылу мүмкіндіктері туатыны сөзсіз.
Бұл жерде экономиканың жеделдетілген техно-логиялық жаңғыртылуы, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұ-рақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты басымдықтарды айту орынды. Әлем елдері дәл қазіргідей коммуникациялық-ақпараттық технологиялар мен оның заманауи қоғамның барлық салаларына ену кезеңінде отырғанда біздің ел де одан тысқары қала алмайды. Президент айтқандай, біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бүгінгі таңда өз өмірімізді күнделікті тіршілікте де, жұмыста да жаңа технологиясыз елестете алмаймыз. Бала кезімізде біздің аналарымыз кір жуатын автомат-машина туралы білмейтін де, ал қазір, тіпті алыс ауылдарда әйелдер онсыз күн көре алмайтынына кесісетін шығарсыз. Осы күні құжаттар айналымы толығымен электронды форматқа ауысты. Әлемде және жергілікті жерде болып жатқан жаңалықтарды бірнеше секунд ішінде біліп отырамыз. Бұдан 4-5 жыл бұрын смартфондар туралы білмейтінбіз, ал бүгін үлкен де, кіші де оның құлағында ойнайды. Жаңа технологиялар – ең басты басымдық. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан өркениетті өмір салты барлық жерде бірдей болу керек деп есептеймін. Президент айтқандай, тек алдағы қиындықтарды күтіп қана тұрмай, олардың алдын алып, қасқая қарсы тұра алатын халықтар ғана жеңіске жете алады.
- Отандық экономиканы жаңа сапаға көте-рудегі кәсіпкерліктің рөлі қандай?
- Әрине, кәсіпкерліктің ел экономикасын өрге сүйреудегі орны еркеше деуге негіз бар. Модернизациялаудың бірінші кезеңінде кәсіпкерлер бастапқы капиталдарын жасады. Екінші кезеңде аяқтарына нық тұрып, өркен жая бастады. Енді Елбасы кәсіпкерлерге мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Олар өз істерін бұрынғыдан да технологияланған, заманауи, бәсекеге қабілетті және ғаламдық нарыққа шыға алатындай етіп орындауы тиіс. Кәсіптерін жаңғырта отырып біріншіден - өндірісті жаңғырту, екіншіден - жұмысшыларының біліктілігін көтеру және үшіншісі – осы арқылы экономиканы өсіріп, үш бірдей міндетті жүзеге асырулары қажет. Ауданның экономикалық белсенді тұрғындарының 50% астамы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Олардың алдында мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды тиімді пайдаланып, өнімді еңбек ету міндеттері тұр.
- Ауданның ауылдық елдімекендеріне инвес-тиция тартудың деңгейі жайына тоқталсаңыз?
-Көкпекті ауданы жалпы ауылшаруашылықты өңір. Аудандағы барлығы 825 шаруа қожа-лықтарының 35% 10 гектарға дейінгі шаруашылық алқаптарын иеленген. Бұл дегеніңіз, жер, су, еңбек қорларының тиімсіз пайдаланылып отырғанын көрсетеді. Нәтижесінде – ауылдардың инвестициялық тартымдылығының төмендігі орын алуда. Жаңғырту Жолдауы аграрлық сектордың алдына тиімді және интенсивті даму міндеттерін қойып отыр. Құжатта аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек делінген. Экономикасы дамыған өркениетті ел болу дегеніміз – инвестициялық тартымдылығы жоғары орта қалыптастыруды білдіреді.
- Жолдауда әлеуметтік салаға, адам капиталын жақсарту жағына маңыз берген. Осы бағыт-тар туралы не айтасыз?
- Президент осы жолы да бұрынғы Жолдау-лардағыдай біздің басты мақсатымызға жетудің басты қозғаушысы адам капиталы сапасын жақсартуға, оның өмір сүру жағдайын арттыруға, жалпы әлеуметтік саясатқа үлкен рөл берген. Бұл білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, тұрғын үймен қамту жүйелеріндегі өзгерістер. Үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу, «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асыру, мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастауы сынды тапсырмаларды үкіметтің және біздің алдымызға қойды. Сондай-ақ, Елбасы әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамай. Аға ұрпақ өкілдеріне аса көңіл бөліп, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттырылатынын, бұдан бөлек, базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылатынын айтты. Осы өсімнің барлығы 2018 жылы базалық зейнетақының жаңа мөлшерін 2017 жылмен салыстырғанда 1,8 есе арттыруға мүмкіндік береді.
Жалпы биылғы Жолдаудың негізгі құрылымы қатардағы азаматтың қызығушылықтарына тікелей қатысты көбінесе экономикалық салаға бағытталған. Мәселен, Қазақстанда жасалатын, бос жұмыс орындары мен оны іздеушілер туралы барлық деректер бар Біртұтас электрондық биржа аясында еңбек нарығын жаңғырту. Расында да, егер кез-келген адамның өзіне ұнайтын, сәйкес еңбекақы төленетін жұмысы болса, онда елде барлығы қалыпты деуге болады. Сондықтан, оның артында тұрған отбасы бар әрбір жұмысшыны мемлекеттік деңгейде қолдау аса маңызды.
- Жаңа экономикалық жаңғыртуды саяси өзгерістерсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Билік тармақтары арасындағы міндеттерді бөлісу аудандар мен ауылдарда қалай атқарылады?
- Орталықтағы және аймақтардағы билік тармақтары арасында міндеттерді қайта бөлісуге байланысты Конституциялық реформаларды жүзеге асыру барысында, өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелеріне баса назар аударылады. Үшінші басымдық бойынша фискалдық орталықсыздандыру саясатын жалғастырып, орталықтан жергілікті жерлерге көптеген функциялар мен өкілеттіктер берілді. Енді олардың жеткілікті қаржылық дербестігін бекемдей түсіп, қаржы шығысы жөніндегі өкілеттіктердің облыстық деңгейде шоғырлануына жол бермеу маңызды. Оларды әрі қарай аудандық және ауылдық жерлерге беру керек.
2018 жылдан 2000-нан астам тұрғыны бар ауылдық округтерге бюджеттің 4 деңгейлілігі енгізіледі. Бұған Көкпекті, Самар, Қ.Аухадиев округтері кіреді. Бұған өту үшін үлкен жұмыстар жасау қажет. Өйткені, ауылдық округтердің шығысы жиналған кіріске тәуелді. Басқа ауылдық округтер дербес бюджетке 2020 жылдан өтеді
Қай қырынан келсек те, биылғы Елбасы Жолдауы әрбіріміздің келешекке деген кемел сенімімізді бекемдеп, қай сала да болса да табыс пен нәтижеге жетудің жолбасшысы болады деген сөз. Сондықтан Жолдауда көрсетілген әрбір бағытты мұқият зерделеп, одан өзімізге керектігін алуымыз керек.
- Сұхбатыңызға рахмет!

Бақыт  МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз