Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бұл биылғы маусымның қызықты әрі тартысты өткенінің тағы бір дәлелі. Екінші жыл қатарынан өткізілген әуесқой футбол лигасының биылғы қарқынын анық байқауға болады. Оған сандар да куәгер. 26 қарашада басталған жарыс 11 наурызда аяқталды. Осы аралықта 56 ойын өткізіліп, оларда 187 гол соғылды.


«Жұлдыз – Новая жизнь» газетінің жүлдесіне арналған аудандық футзал чемпионатына Көкпектіде жасақталған 8 құрама қатысты. Көкпекті орта мектебінің спортзалында әр сенбі сайын тартысқа толы ойындар өткізіліп, 120-дан астам жастар қамтылды. Жалғыз өзі қарсыластар қақпасына 29 гол тоғытқан Азамат Қожаев чемпионаттың үздік сұрмергені және «Ең үздік ойыншы» атағын олжалады. Бастамаға үн қатқан аудандық мәслихат депутаты Александр Бойков жеңімпаздарды лайықты марапаттауға қомақты үлес қосты.
Бес айға созылған ойындар қорытындысы бойынша «Жастар» құрамасы чемпион атанып, жеңімпаздар кубогын және 30 мың теңге ақшалай сыйлық, әр ойыншысы «алтын медаль» иеленді. Екінші орынға «Аманат» құрамасы табан тіресе, үшінші орынды Көкпекті орта мектебінің құрамасы еншіледі. Сонымен бірге, ұйымдастыру алқасы жарысқа қатысқан Әкімшілік, Ішкі істер бөлімі, Аймақтық электр желісі, Халыққа қызмет көрсету орталығы құрамаларын да марапаттады.
Әр кездесуде ерекше ойын өрнегін танытып, жарыстың көркін қыздырған жекелеген орындаушылар да сый-құрметтен тыс қалмады. Чемпионаттың үздік қақпашысы болып Айбек Сапаров танылса, үздік қорғаушы атанған Виктор Минхтың шеберлігі әлі талай уақыт ұмытылмасы анық. Қарсылас қақпада теңбіл допты тулатудың шебері Еркебұлан Еріков жарыстың үздік шабуылшысы атағын олжалады.
Соңғы ойын күні Теректі ауылының және Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің қыздарынан жасақталған құрамалары жолдастық кездесу өткізді. Бұл да болса аталмыш спорт түріне деген қызығушылықтың ауданда артып келе жатқанын көрсетеді.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз