Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 


Қымбатты ақ жаулықты әжелер,

абзал аналар, сүйікті арулар!

Сіздерді көктемнің алғашқы күндеріндегі көңілге шуақты сезім мен нұр құятын 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мейрам баршамыз үшін тіршілік атаулының оянуы, шаттық пен үміттің белгісіндей. Сіздер жер бетіне сәулесін шашып тұрған күн іспетті жан-жақтарыңызға жылу мен жарық сыйлап жүресіздер. Аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Аналар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Қашанда қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.

 

Жер бетіндегі барлық ұлылық, даналық, батырлық, ізгілік атаулы өздеріңізден бастау алады. Аналар - сұлулықтың нышаны, шырқалатын әндердің арқауы. Әр шаңырақтың ұйытқысы, отбасының алтын тұғыры болып жүрген аналар, мемлекеттің де тірегі.

Аяулы арулар! Сіздердің аялы алақандарыңыздың жылуы мен тағылымды тәрбиелеріңізді көріп өскен жас ұрпақ Қазақ елін өркендетуге күш салатын, оның байлығын еселендіретін болады.

Бүгінгі таңда сіздердің араларыңызда аудан экономикасының барлық салаларында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, еңбек баспалдағымен жоғары дәрежеге жеткендеріңіз де бар. Әйелдер басқаратын мекемелер мен кәсіпорындардың саны жыл сайын өсуде. Кәсіпкерлікпен шұғылданып, өз бизнесін ілгерілетіп, қоғамдық шараларға бел шеше кірісіп жүрген арулар қаншама. Нәзік жанды аналарымыз қажырлы еңбектерімен қиындығы мол талай істерді атқарып, аудан дамуына өлшеусіз үлестерін қосуда. Сіздерге мың алғыс айтамыз!

Сіздердің махаббаттарыңыз бен мейірімділіктеріңіздің, даналықтарыңыз бен төзімділіктеріңіздің арқасында біз әлі де биіктерді бағындыра береміз.

Жүздеріңіз тек бақыт пен шаттықтан жайнай берсін. Ұрпақтарыңыз бен қосақтарыңыз сіздердің қабақтарыңызға ешқашан кірбің түсірмей, қуаныш сыйласын. Әрдайым әдемі де жас қалпын сақтап, сүйікті де қымбатты болып, жақын жандарыңыздың махаббатына бөлене беріңіздер!

Р.Сағандықов, аудан әкімі

Т.Сарманов, аудандық мәслихат хатшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз