Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тайға таңба басқандай тарихта жазылып қалған соғыстың соңғы күні —15 ақпан елімізде Кеңес одағының әскері Ауғанстан жерінен шығарылған күн ретінде аталып өтеді. Биыл аттай 28 жыл толған осы айтулы күнге орай Көкпекті ауданында Ауған соғысының ардагерлерін жинап, жақсы тілектер, сый-марапат көрсетілді.


Кеңес дәуірі тарихының ең қаралы беттерінің бірі – Ауған соғысы. Болашағының жарқын болатынына ешқандай да күмәні болмай, ерекше сезіммен Отан алдындағы борышын адал атқармаққа ниет еткен өрімдей жас саяси ойынның құрбанына айналды. Жүздеген жауынгер жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандасымыз оқ пен оттың ортасынан жарақатпен оралды. Ауған соғысына біздің көкпектілік азаматтар да қатысып, ерлік көрсетті. Қазір ауданда Аян Халиулдин, Ерлан Жұмажанов, Асылбек Мұқашев, Тұрысбек Ақжігітов, Мұрат Рахымбеков, Бақыт Бакибаев, Алексей Ивлев, Болат Омаров, Ерлан Сейілханов, Валерий Титов, Саржан Шарбақбаев, Асхат Садықов, Бейбіт Такеев, Қайрат Жанбаев т.б Ауған соғысының ардагерлері бар. Сондықтан Қазақстанның жер-жерінде бұл күн ескерусіз қалмайды. Жыл сайын елім деп өткен боздақтарды еске алып, ардагерлерге құрмет көрсетіледі.
Жылдағы дәстүр бойынша бұл күні Көкпекті ауылының Заречная аумағында орналасқан Ауғанстанда көз жұмған жауынгерлерге арналған ескірткіш маңында еске алу митингі болып өтті. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев интернационалистік борышын адал атқарған боздақтардың есімдерін атай отырып, оларға және ауған ардагерлеріне мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қамқорлықтарға тоқталды. Өз кезегінде сөз алған Ауған жерінде ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдес-кен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміздің бірі ауған соғысының ардагері Тұрысбек Ақжігітов: «Қазіргі жас ұрпақ өмірдің құнын, бейбіт өмір үшін, бақыт үшін қаншама ерлер тер төкккенін білуі тиіс. Ерлік қашанда адам жанына жігер мен қайрат беретін күш», - дей келе барлық ардагерлерге мерекелік жылы лебізін білдірді.
Тарих беттеріне алтын әріппен жазылған соғыста қайтыс болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алған соң, аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова, Көкпекті ауылдық округінің әкімі Е.Ниязбаев, және мекеме, ұйым басшылары ауған жерінде болған ардагерлер ескерткіші басына гүл шоқтарын қойды.
Өзге елде жүріп, тыныштықты тілеген ардагерлерге көрсетілген құрмет одан әрі жалғасын тапты. Көкпекті ауданының тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Клара Смаилованың ұйымдастыруымен мұражайда көрме ұйымдастырылды. Мұражайдағы жәдігерлермен таныстыра келе, Клара Рафикқызы осынау шайқастың елге әкелген зардабын, Ауған соғысынан аман оралып, еліміздің өсіп-өркендеуіне елеулі үлестерін қосып жүрген ағалар еңбегін атап өтіп, соғыстың қайталанбауын, елімізде бейбітшілік пен тыныштықтың орнауын тіледі.
Мерекелік шара Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйі әртістерінің ұйымдастыруымен өткен концертпен жалғасты. Сахна төрінде патриоттық әндер айтылып, «Не вернулся с войны» атты театрландырылған көрініс қойылды. Бүгінгі күнгі барлық қошемет пен құрмет ауған жауынгерлеріне арналды.
Уақыт жүйрік... Кеңес әскерін Ауғанстан жерінен шығарған атаулы күнге биыл 28 жыл толып отыр. Бұл - аман-есен еліне оралғандар үшін мереке болса, құрбан болған сарбаздардың туыстары үшін орны толмас қайғы. Әрине, өткеннің оралмасы анық. Бірақ, олардың тарих беттерінде қалған ерлік істерін кейінгі ұрпаққа өнеге ету біздің парызымыз бен міндетіміз

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 22 23 24 25 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз