Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент жанын-дағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен қолға алынған дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы Көкпекті ауданында өз мәресіне жетті.
Әрбір жарасымды отбасының арқасында мемлекет нығайып, дамиды, халықтың әл-ауқаты өседі. Сонымен қатар, жанұядан толық сүйіспеншілікке бөленіп өскен, бала үлкен өмірге ерекше құнды қасиеттермен аяқ басып, есейіп ержетеді. Отбасы күнін ұлықтаған шара өткен жұма күні аудан орталығында Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы» тақырыбында орын алды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша үшінші жыл қатарынан «Мерейлі отбасы» атты ұлттық байқау өткізіліп келеді. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, өнегелі тәлімі мол отбасыларын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауға биыл ауданда 4 жанұя қатысуға ниет білдірген.
Байқау бес кезең, бірінші – «Үлгі болар отбасым» таныстыру, екінші – «Асыл қоржын» қолөнер кезеңі, үшінші – «Өнерім - өрісім» шығармашылық кезең, төртінші «Өмір жағдаяттары» сұрақ-жауап, соңғы кезең «Ас – адамның арқауы» дастархан мәзірі бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар арасында Самар, Тассай, Көкпекті, Преображенка ауылдық округтері отбасылары болды.
Осы байқауға қатысушы отбасылардың әрбір мүшесі – өз ауылдастарының, ұжымы мен көршілерінің арасында ерекше сый-құрметке ие болған, Отанына адал қызмет етіп келе жатқан еңбек майталмандары. Олардың басты құндылықтары – шынайы отансүйгіштік, жоғары рухани адамгершілік қасиеттер, білімге деген құштарлық және еңбексүйгіштік.
Сөйтіп ортаға ырыс-берекесі мол, татулықпен тағдыр жарасымын арттырып, бақытымен басқаға үлгі саналатын отбасылар шақырылды. Көкпекті округінен Қанапияновтар отбасы, Самар ауылдық округінен Қалқабаевтар әулеті, тассайлық Әзімбаевтар отбасы және Преображенка ауылынан аудан атағын шығарып жүрген жас, үлгілі, өнерлі Хұмырбековтар жанұясы ортаға шақырылып, отбасы мәртебесін арттыруға өнерлі ұрпақ тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін, қазақстандық жанұяның жағымды бейнесін қалыптастыруға ықпал еткендері үшін бүгінгі байқауда еңбектері бағаланды.
Ал осы байқауда бас жүлдені Самар ауылдық округінен келген Қалқабаевтар әулеті алды. І жүлдегер Преображенка ауылынан Айдын мен Амангүл Хұмырбековтар жанұясы болса, ІІ жүлдегер тассайлық Әзімбаевтар мен көкпектілік Қанапияновтар отбасылары мадақталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осылайша, елдігімізді білдірер, ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде ұсынар тәрбиелік мәні зор дәстүрлі ұлттық байқау әділ қорытындыланды. Осындай үлгілі отбасылардың құрметіне мәдениет үйінің әншілерінің әуезді әндері орындалып, көрерменнің көңіл-күйлері көтеріліп, бір жасап қалды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «ХХI ғасырдың ортасында отбасыларының басым көпшілігі тыныштық пен молшылықта өмір сүретін ел ғана ең дамыған мемлекет қатарында болады. Балаларды тәрбиелеп, оларға сапалы білім береді, аға буынға қамқорлық көрсетеді, саламатты өмір салтымен жүреді», – деген еді.
Ендеше, Елба-сы айтқан осы сөздердің мән-мағынасына үңі-ле білейік, ағайын. Елі-мізде берекелі, ұлттық дәстүрді ұлықтайтын отбасылар көп болғай.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз