Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биылғы жылғы шөп шабу науқаны пішеншілер үшін біршама қолайлы. Көктемнен бері ылғал мол түсті. Күн де ыстық емес. Шабындықта шөп жайқалып өсіп тұр. Тірлігі төрт түлік мал күтімімен ұштасқан, әрбір күні игі еңбек қамына ұласқан ауыл шаруасы жайма-шуақ жазда өз қыстағына шөпті молырақ үйіп алуды мақсат етеді. Оған шабындықтағы өнімділік деңгейі септесуде. Шөп шабу науқанына әрбір ауыл тұрғыны, серіктестіктер мен шаруа қожалықтарының пішеншілері білектерін сыбана кірісті. Олар табиғаттың сы-йын жинап алып, қыстан қысылмай шығуды көздеуде. Солардың бірі – үл-кенбөкендік қарапайым тракторшы Талғат Жәнібек. Талғат 2009 жылы қазақ жеріне оралған қандастарымыздың бірі. Атамекеніне табан тіреген жас жігіт, бірден еңбекке араласып кетті. Ол сол жылы трактор сатып алып, шөп шабу, тасу жұмыстарымен айналыса бастады. Трактордың құлағында ойнайтын Талғат ауылдастары арасында да сыйлы. Үлкенбөкен көшелеріне бойлап өскен шөптерді шабуға, яғни ауылды аббаттандырға ат салысып тұрады.


Біз Талғатты егіс басында, көмекшісі Жеңіс Назаров екеуінің қызу еңбек майданында жүрген жерінде сөзге тарттық.
- Өздеріңізге белгілі жаңбырдың арқасында биыл шөп қалың болды. Осы табиғаттың берген сыйын дер кезінде жинаудамыз. Қазір шөп шабу жұмысы аяқталды, енді шөп тасу жұмысын бас-таймын, - деді қарапайым ауыл азаматы.
Талғатпен астыңдағы темірің тозса да, жаның тозбасын деген тілекпен қоштастық.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз