Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ак-ционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің 100 қыз-меткері спорттың 5 түрі бойынша сынға түсті.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директоры Азамат Есембуловтың айтуы бойынша, бұл жарыстың мақсаты- корпоравтік рухты көтеру және салауатты өмір салтын насихаттау .


Айта кетсек, облыстық спартакиада алдында ШҚО-ның аудандары мен қалаларында іріктеу туры болып өтті. Жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Жарысқа ШҚО бойынша мемлекеттік корпорациялардың яғни, «Жер кадастры ғылыми-өндірістік ор-талығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» және «ХҚКО» Департаменттерінің 100 қызметкері қатысты.
«Бүгін біздің мамандарымыз волейбол, футбол, шахмат, арқан тарту және эстафета сындары бойынша жарысқа түссе, ал ең мықты спортшыларымыз Алматы қаласында өтетін Республикалық жарыстарда ШҚО танытатын болады», - деді Азамат Есембулов.
Глубокое ауданы ХҚКО бөлімінің басшысы Пернебек Жорабаев спортқа жаңа келген адам емес. Ол мектеп қабырғасынан бері классикалық күреспен айналысқан. Қазіргі жарыстарда, ол өзінің әріптестерімен ең мықты волейбол ойыншыларының үштігіне енуді көздеген еді, өкінішке орай олай болмады. Екі жыл бұрын ХҚКО қызметкерлері арасында өткен республикалық спартакиадада ШҚО командасы жеңіске жеткен болатын. ШҚО «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері арасында өткен алғашқы спартакиа-да қорытындысы Футбол ойыны бойынша, 3 орын – ШҚО бойынша «ХҚКО» Департаменті, 2 орын – ШҚО бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» Департаменті, 1 орын – ШҚО бойынша «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Департаменті. Ал, волейбол ойынының қорытындысы бойынша, 3 орын – ШҚО бойынша «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Департаменті, 2 орын – ЩҚО бойынша «ХҚКО» Департаменті алса, 1 орын – ШҚО бойынша «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» Департаменті. Шахмат ойыны мынандай нәтиже көрсетті, 3 орын – ШҚО бо-йынша «ХҚКО» Департаменті 2 орын – ШҚО бо-йынша «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Департаменті, 1 орын – ШҚО бойынша «Жер кадастры ғылыми- өндірістік орталығы» Департаменті. Қазақтың ұлттық ойыны арқан тартуда 3 орын – ШҚО бойынша «Жер кадастры ғылыми- өндірістік орталығы» Департаменті, 2 орын – ШҚО бойынша «ХҚКО» Департаменті, 1 орын – ШҚО бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» Департаменті алды. Эстафета бойынша, 3 орын – ШҚО бойынша «Жер кадастры ғылыми- өндірістік орталығы» Департаменті, 2 орын ШҚО бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» Департаменті, 1 орын– ШҚО бойынша «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Департаменті болды.
Жалпы командалык есеп бойынша: 3 орын ШҚО бойынша «ХҚКО» Департаменті, 2 орын ШҚО бойынша «Жер кадастры ғылыми- өндірістік орталығы» Департаменті, 1 орын - ШҚО бойынша «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Департаменті.
Әрине, біз қуаныштымыз! Командамызға облыстық филиалдар мен аудандық бө-лімшелерден ең мықты деген спортшыларды жинадық. Біздің қатысушыларымыз – спорт әуесқойлары болса да өздерін мықты жақтарынан көрсетті. Жарыста бізге ең қиын түсетіні арқан тарту болды, бірақ футбол мен эстафетада алғаш рет орын алып отырмыз. Нәтижемізге өте ризамыз - дейді, - ШҚО бойынша «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Департаменті атынан қатысып, жалпы есеп бойынша бірінші орын алған команда капитаны Ринат Байдиндаев.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ак-ционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы мамандарынан құ-ралған спортшыларымыздың келесі сыны Алматы қаласында, қыркүйек айында өтетін республикалық спартакиада жақсы өнер көрсету.
Мемлекеттік корпорация «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» РМК және «ХҚКО» РМК қосылуымен қайта құрылып, өз жұмысын 11 сәуірден бастағандығын атап өткен жөн болар.
Қазіргі уақытта, мемлекеттік корпорация арқылы 530 мемлекеттік қызмет қол жетімді болып отыр. Соның ішінде, әлеуметтік маңызды төлемдер яғни, зейнетақы төлемдері, 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін төлемдер және мүгедектерге төленетін мемлекеттік әлеуметтік төлемдер де бар.

Көкпекті аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз