Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының әкімі Рамиль Сағандықов бұқарамен дәл осылай байланыс жасады. 8 тамызда өткен «Тікелей эфир» бағдарламасы «Қазақстан-Өскемен» телеарнасы қолға алған жаңа бір жоба. Әр апта сайын берілетін жарты сағаттық тікелей эфирдің бұл жолғы қонағы Рамиль Нығметжанұлы ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі, іске асырылып жатқан жобалар жөнінде айтып берді. Бағдарлама жүргізушісі Мадина Карибаеваның жүйелі сауалдары және телефон арқылы хабарласқан көрермендердің сұрақтары да жауапсыз қалмады.


Бағдарлама жүргізушісі сөз басын ауданның бірінші жартыжылдықтағы экономикалық даму көрсеткіштерін саралаудан бастады. Ағымдағы жыл-дың қаңтар-маусым аралығында 975,3 миллион теңгенің өнеркәсіп өні-мі өндірілді. Тау-кен өндірісінде өн-дірілген өнім 13,3 млн. теңге. Қайта өңдеу өндірісінде «Рыбпром» ЖШС бірінші жартыжылдықта өндірген өнім көлемінің құны 288,4 млн. теңгені құ-рады, бұл 276 тонна балық өнімі. Ауданда мемлекеттік аграрлық саясат табысты жүзеге асуда. Осы аралықтағы ауылшаруашылығының жалпы өнімі 7716,6 миллион теңгені құрады, өсу қарқыны өткен жылғы деңгейге қарағанда 113,2 %.
2016 жылдың алғашқы жар-тыжылдығында 6 009,8 тонна мал және құс еті, 30 738,7 тонна сүт, 7 334,0 жұмыртқа өндірілді. Мал саны барлық түрі бойынша артып келеді. Құрылым көлемі өткен жылдың осы аралығымен салыстырғанда 102,6% артқан, нақты 282,9 миллион теңге. Бөлшек сауда айналымы 2177,9 млн. теңге. Аудан көлемінде шағын кәсіп нысандарынан 105 жаңа кәсіпорын тіркелді.
Сонымен бірге, әрбір көкпектіліктің күнделікті тіршілігімен астасып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың іс-ке асырылу барысы да тілге тиек етілді. Елбасының 100 нақты қадам бағдарламасының әрбір тармағы бо-йынша қолға алынған шаралар ау-қымдылығымен ерекшеленеді. Дәл осы телеарнада өткен аудан әкімінің брифингі барысында көтерілген түйінді мәселелер, көрермендерден келген са-уалдардың шешілу барысы да назардан тыс қалмады.
Өткен жылғы брифингте тікелей эфирге қоңырау шалған тұрғындар Самар ауылындағы су құбырларын күрделі жөндеуден өткізу мәселесін көтерген болатын. Аталмыш мәселеге нақтырақ тоқталған аудан басшысы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында жөндеу жұмыстарын жүргізуге өтініш берілгенін жеткізді. Былтырғы жылы сараптама жұмыстары жасалып, сметалық құжаттар әзірленді. Алдағы күннің еншісінде тұрған бұл мәселе аудан басшысын да толғандырады. Ал Шәріптоғай ауылы тұрғындарының көтерген мәселесі бұл күнде оң шешімін тапқан. Ауылдағы медициналық пункт толық жұмыс істеп тұр.
Тікелей эфирге қоңырау шал-ған аудан тұрғындары бірқатар тү-йінді мәселелердің шешілуіне алаң-даушылық білдірді. Үлкенбөкен ауылындағы клуб үйінің жөндеу жұ-мыстары, аудан орталығында дене шынықтыру сауықтыру кешенінің қа-жеттілігі, Үлкенбөкен-Көкжайық-Үл-гілмалшы жолында басталған жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі, Көк-пекті орта мектебінің ескі ғимараты, балалар үйі қызметкерлерінің жұмыспен қамтамасыз етулуі алға тартылды. Рамиль Нығметжанұлы барлық сұрақтарға жүйелі жауап беріп, сауал қоюшы тұр-ғындарға өзінің әрқашан қабылдауға ашық екенін кесіп айтты
Жарты сағатқа созылған тікелей эфир барысында аудан әкімі «Жұ-мыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, Көкпекті ауданындағы жолдардың жөндеу жұмыстары, жастардың жұ-мыспен қамтылуы, кадрлық резерв жемісі туралы келелі сұхбат өрбіді.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз