Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 Бүгін еліміздің барлық мектептерінде жаңа 2015-2016 оқу жылы басталды. Таңның атысымен құшақ-құшақ гүлдерін құша ұстап, мұнтаздай киініп, жүздері бал-бұл жайнаған жайдары балалар ата-аналарымен бірге мектептерге қарай ағылды.

1 қыркүйек – айрықша мәні бар, айтулы Білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталды. Биылғы жылы Көкпекті ауданында 37 білім ордасында алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар жаңа оқу жылын бастады. Қазіргі таңда мемлекет балалардың жағдайын жасап, білім сапасын арттыру мақсатында бағдарламаларды жүзеге асыруда. Солардың бірі, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында Көкпекті ауданында 25 жас маман еңбек жолдарын бастады. Олардың 9 арнайы орта кәсіптік білімді мамандар болса, 16 жас маман жоғары білімді ұстаздар. Ал, 9 ұстаз аудан әкімінің гранты бойынша білім алғандар. Бүгінде жас мамандарға жағдайлар жасалып, мектептерге орналастырылды. Мереке қарсаңында аудан мектептерінде білім күніне арналған салтанатты тізілімідер өткізіледі.


Ж.Шайжүнісов орта мектебінде өткен білім күніне келген ұстаздар қауымы мен оқушылар, ауылдың үлкен-кішісі, кішкентай бүлдіршіндердің ата-әжелері мен әке-аналары құшақ толы гүлдерімен мерекеге лайықталып безендірілген мектеп ауласын онан сайын жайнатып жіберген. Мектеп директоры Қажет Жүнісбеков алғашқы қоңырауға қатысушы көпшілікті бүгінгі атаулы күнмен құттықтап өтті. Өз әріптестеріне, шәкірттерге, мектеп есігін алғаш ашып тұрған бүлдіршіндерге, олардың ата-аналарына жылы лебізін арнады. Құттықтау сөз кезегін алған Көкпекті ауылының әкімі Қ.Жадрин, ауданымыздың сәулет және құрылыс жол жөндеу басқарма бөлім басшысының орынбасары Н.Төгісов, тәжірибелі зейнеткер ұстаз Ж.Тұрлыбековалар өз құттықтауларын арнады. Ал, ата-аналар атынан Маркелен Нұрайдың апасы Бубайса Әңкебаева: «Бүгінгі күн біздің әулет үшін аса қуанышты күн. Енді бұл мектепте, менің немерем оқитын болады. Сабағын жақсы оқып, білімді азамат болуына тілектеспін. Барша ұстаздарды мерекемен құттықтаймын!», деп жүрекжарды тілегін арнады.
Биылғы оқу жылында осы мектепке 403-ке жуық бала білім алатын болады, ал мектепке алғаш келген жас бүлдіршіндердің саны 26. Осы мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған бүлдіршіндердің бал тілдерімен мәнерлей оқыған тақпақтары мерекенің сәні мен әрін еселей түссе, мектептің жоғары сынып оқушыларының кішкене балақайларды ертіп алғашқы қоңырау үнін сыңғырлатуы асқан тебіреніспен қабылданды. Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясы негізінде мектеп ұжымының ұйымдастыруымен 22 балаға 120 мың теңге қаражат көлемінде көмек көрсетілген болатын.
Ал, Көкпекті орта мектебіндегі білім ордасында 450-ге жуық оқушылар жаңа оқу жылын бастады, олардың ішіндегі 60 оқушы алғаш рет білім кемесіне отырды. Мерекелік шарада аудандық маслихаттың хатшысы Р.Беспаев, мектеп директоры А.Таныспаев ыстық құттықтауларын арнады.
Салтанатты жиын барысында, осы мектепті 1975-76 жылы бітірген түлектердің атынан Х.Фахрутдинов жеткіншектерге, жас бүлдіршіндерге, ұстаздарға мерекелік лебізін білдірді. Тағы бір айта кететін жағдай, осы түлектер алтын ұя мектептеріне «Мектепке жол» акциясы аясында 150 мың теңгені сыйлады. Осындай алтын ұя мектебін ұмытпай, қамқор болып жүрген түлектерге мектеп ұйымының, ата-аналардың алғысы шексіз. Мерекелік шара әдемі ертегі әлемі үлгісінде, жас бүлдіршіндерге кілт табыстаумен аяқталды.
Жүздерінде жылы күлкі. Көздерінде от. Олардың арасында тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын, білім мен ғылымның алтын ұясы мектебінің ақ босағасын алғаш рет аттағалы бара жатқан бүлдіршіндеріміз бәйгіге бапталған тай-құнандай құлпырады. Қадамдарың құтты болсын, кішкентай кемеңгерлер. Дендерің сау, мол білімді, елін-жерін сүйетін мықты азамат болып ер жетіңдер. Ертеңгі ел тізгіні сендердің қолдарыңда дегім келеді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз