Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауылынан 25 шақырымда орналасқан  «Толағай- Кен» ЖШС аудан бюджетіне қомақты салық төлеп отырған іргелі кәсіпорын. 2015 жылғы 2 наурыздан бастап бағалы металдар мен сирек кездесетін металл кендерін өндіру өнеркәсібін пайдалануға берілгенін біреу білсе, біреу білмес.

Ағымдағы жылдың 19 шілдесі күні аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы Оразбаев жұмыс сапарымен аталмыш кен орнының базасына барып, кәсіпорын жұмысымен танысты. Аудан басшысы бастаған жұмыс тобы құрамында Көкпекті ауылдық округі әкімінің м.а Серік Байсеңгіров, қаржы бөлімінің басшысы Әзілхан Құспеков, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Азамат Макенов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахымбаев және БАҚ өкілдері болды.


Өндіріс басында жұмыс тобын техникалық директор Жанат Құрмашұлы Баитов қарсы алды. Жанат Құрмашұлы аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлына жұмыс барысын таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
- «Толағай Кен» ЖШС-де қазіргі таңда 52 адам жұмыс істейді. Жұмысшыларға барлық жағдай жасалған. Оларға арналған жатақхана бөлмелері мен арнайы асхана бар. Асханада 3 уақыт тегін тамақ беріледі. Ыстық су мен суық су да бар. Біз жергілікті тұрғындар қатарынан Көкпекті, Шегелек және Толағай ауылының 8 адамын жұмыспен қамтып отырмыз, - дейді Жанат Құрмашұлы.
Кен орны табысты еңбегінің арқасында жыл сайын аудан бюджетіне 15 миллион теңге салық түсіруде. Қанатын кеңге жайып келе жатқан өндірістің алдағы істеріне сәттілік тілейміз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз