Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2022 жылғы 3 ақпан күні аудан әкімі Раджан Қайрқанұлы Сейтқанов Самар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді. Бірінші отырыс барысында Самар ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйі, ағымдағы жылға арналған жоспарлар мен міндеттерді жан-жақты талқылап, қатысушылар пікірлерімен бөлісті, ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласының еңбек ардагері, тәжірибелі басқарушы Виктор Николаевич Лопаткинге «Көкпекті ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.


Виктор Николаевич «Ленин» колхозын басқарған жылдары ауылдың және жалпы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның басшылығымен Ленин атындағы колхоз одан әрі дамып, бүкіл облысқа және одан тыс жерлерге танымал болды.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан лайықты үлесі үшін ел Тәуелсіздігінің мерекелік медалімен «Дюсупов» шаруа қожалығының басшысы, Самар ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының төрағасы Ержан Қабдуғалиұлы Дүсіпов марапатталды.
Самар ауылдық округінің әкімі Ахмет Фазылұлы Күдербаевқа туған күніне орай аудан әкімінің "Алғыс хаты" табыс етілді.
Раджан Қайрқанұлы марапат иелеріне естелік сыйлықтарды табыстап, марапаттарымен шын жүректен құттықтады. Барлығына мықты денсаулық, отбасылық бақыт пен амандық, істеріне толағай табыс тіледі.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз