Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Өскемен қаласында мемлекеттік наградаларды салтанатты табыстау рәсімі өтті.
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістіктері, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар мен мемлекеттер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін 80 марапат берілді.


Марапатталғандар қатарында екі жерлесіміз – «Елім-ай Көкпекті» ЖШС механизаторы Вячеслав Владимирович Гетченко және Әуезов атындағы орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Мейірлі Жанұзаққызы Садықова болды.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін Вячеслав Владимировичке табыстап, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен Мейірлі Жанұзаққызын марапаттады.
Жерлестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Біз сіздермен мақтанамыз!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз