Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елімізде түрлі мамандық иелерінің сан салалы кәсіби мерекелік күндері белгіленген. Сондай мерекелік даталардың бірі – 8 қараша күні атап өтілетін статистика қызметкерлері күні. Статистика органдары қоғамды, билік органдарын жан-жақты, нақты ақпараттармен қамтамасыз ететін мемлекеттік басқарманың құрылымдық жүйесіне айналды.

Мемлекеттік статистика қызметкерлерінің жемісті еңбегі оң шешімдер қабылдауға негіз болып, еліміздің ары қарайғы дамуына дұрыс бағыт-бағдар беруге көмектеседі. Олардың іс-әрекеттері ұлттық экономикамыздың мықтылығы мен тұрғындардың күн көріс деңгейін жоғарылатуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуда ерекше мәнге ие болмақ. Күнделікті қызметтері, өз ісіне шын берілгендік пен кәсіби міндеттерін мүлтіксіз атқару арқылы аудан экономикасының гүлденуі мен көркеюіне қосар үлестері мол мекеменің басшысы Гүлғана Құжатқызы Беспаевамен жолығып, ұжымның жұмысымен жақынырақ танысу мақсатында статистика қызметі жөнінде айтып беруін өтіндік.

-Бүгінгі күні статистикалық деректер ауданның әлеуметтік-экономикалық даму аумағын айқындауда, күнделікті жұмыс барысында ерекше рөл атқарып отыр. Статистика басқармасы халық шаруашылығының барлық саласы бойынша ақпарат жинаумен айналысады. Соның ішінде халықтың өмір сүру деңгейі, ішкі және сыртқы сауда, ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларына басымдық берілген. Бұндай деректер еліміз тәуелсіздігін алған сәттен бастап жинала бастаған. Айта кетсем, статистика орталығының мамандары өздерінің қызмет сапасын жыл санап арттырып келеді. Әсіресе, респонденттерден ақпаратты жинап, оны жұртшылыққа таратуда түрлі оңтайлы әдіс-тәсілдерді енгізді. Мәселен, қазіргі таңда ғаламторға қосылып, ақпараттарын көпшілікке қолжетімді етіп отыр. Қазіргі уақытта есептерді онлайн режимінде электрондық түрде тапсыру мүмкіндігі берілген. Мұнда респонденттер есептерді жұмыс орнынан интернет арқылы қағазда қайталамай-ақ тапсыра алады.

Көкпекті ауданының статистика басқармасының мамандары 2014 жылдың 3-ші тоқсанында аудандағы 221 мекемелерден 1050 есеп жинап, деректерді өңдеді, оның ішінде қаржы, құрылыс және инвестициялар бойынша статистикалық есептер –188, ауыл шаруашылық саласы – 177, өндіріс – 29, қызмет көрсету саласы –276, бағалар – 54, еңбек – 271, әлеуметтік-демеографиялық статистика - 55 есеп. Сонымен қоса, ай сайын халықтын табиғи қозғалысы, халықтың көші- қоны туралы есептер программалық комплекстерде енгізіледі. Біздің жұмысымыздың қиындығымен қоса қызықты жағы да жеткілікті. Бүкіл аудан көлеміндегі статистикалық жағдай біздің алақанымызда. Мәселен, бізге келетін дүниеге келген нәрестелер туралы мәліметте ол баланың салмағы, бой өлшемі, туған мерзімі, ата-анасы туралы толық мағлұматтар келіп түседі. Айта кетсек, қазан айында туылғандар саны 42 бала, қайтыс болғандар саны – 29, некені қию – 18, некені бұзу – 7 жағдай.

Құрамында өзіммен қосқанда 5 адам қызмет ететін шағын ғана ұжымды 2006 жылдан бері басқарып келемін. Біздің қызметкерлер өз істерін тиянақты да сауатты атқара білетін мамандар десем артық емес. Алматы экономика және статистика жоғарғы оқу орнын бітірген, 1998 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан бас маман Александра Митрофанова, жетекші маман Зәуре Мамашева, Жас маман Салтанат Құнапиянова және екі жылдан бері барлық бағдарламаларды ретке келтіріп отырған программист жас маманымыз Айтуар Шәкен сияқты жұмыстарына тиянақты, өздеріне бекітіліп берген салалар бойынша келген мәліметтерді тапжылтпастан қажырлылықпен орындайтын азаматтар. Шындығын айтқанда, мен олардың өлшеусіз еңбектеріне өте ризамын. Айтпақшы, жақында облыста өткне коллегияда 3 тоқсан қорытындысы бойынша рейтингте I-орынға шықтық. Ыңғайлы жағдайды пайдаланып, ұжым қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтаймын. Еліміз үшін бірінші кезекте керек әрі қажет еңбектеріне табыс, отбасыларына бақ-береке және ең бастысы, мықты денсаулық тілеймін, - дейді Гүлғана Құжатқызы әңгімесін аяқтап.

Ғасырға жуық тарихы бар аталмыш басқарманың қызметі асқан төзімділікті, шыдамдылық пен табандылықты талап ететін кәсіп. Мемлекетіміздің даму жолдарында септігі тиетін әрбір салалардың бүкіл кіріс-шығыс есептеріне талдау жасап отыратын сіздердің жұмыстарыңыз бәрінен маңызды. Әлі де сіздер ауданымыздың дамуы жолында жемісті еңбек ете беретіндеріңіз кәміл. Осы мереке күні мемлекеттік статистика қызметкерлеріне зор денсаулық, мол бақыт, таусылмас қажыр-қайрат пен ертеңгі күнге деген сенім тілейміз!

Әңгімелескен Бақыт ҒАББАСҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз