Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ислам - әлем деңгейіндегі ұлық дін. Оның негізгі бес шарты немесе бес іргетасы бар. Олар: Алладан басқа ешбір тәңір жоқтығына және Мұхаммед с.ғ.с оның құлы әрі елшісі екеніне сену, яғни иман келтіру, намаз оқу, рамазан айында ораза ұстау, зекет беру, қажыға бару.

 

Жылдағы дәстүрден жаңылмай биыл да бесінші парыз қажылық сапарына ниет етіп, қаншама мұсылман қауымы дайындалып жатты.  Алланың алдындағы құлшылығын жасап, қасиетті жерге барсақ деген отандастарымыздың қатары көп.

Солардың бірі - біздің жерлесіміз, Самар ауылының тұрғыны, орталық мешітінің имамы Бекболат Калебай. Ұзақ жылдар бойы армандаған мақсаты орындалып, мал өсіріп, маңдай терімен жинаған тиын-тебенін қосып, өзінің қаражатымен Бекболат бауырымыз Мекке-Мәдинаға тікелей ат басын бұрды.

Қажылық - жай барып, қызықтап келетін саяхат емес. Сондықтан, онда барған адамның жүрегінде иманы оянып, құлшылыққа бас қоюы тиіс. Бұл киелі орында жасалған құлшылықтар мен орындалған парыздар, имамдардың айтқан уағыздары қажылық сапарында жүрген иманы берік әр мұсылманға Алланың ақ жолына түсуге бағыт береді.

Қажылық сапарында жүргендердің ниеттерін Алла қабыл етіп, мұсылмандық парызын аман есен өтеп қайтуларына тілекшіміз!

 Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз