Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудандандық ардагерлер үйінің мәжіліс залында аудан жастарының, аудандық жастар мәслихатының, жастардың аудандық ұйымдарының «Жастар жылын» лайықты өткізуді жоспарлауға арналған жиыны болып өтті.
Ауыл жастарының алқалы жиынына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев, Жастар орталығының директоры Азамат Қалыков келді. Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жариялаған «Жастар жылында» аудан жастары не істеулері керек? Қандай жобаларды іске асыруға қауқарлары бар? – деген сұрақтар тұрды.
Мемлекетіміз жастардың өздерін дамытуы үшін қажетті жағдайларды жасап келеді. Бүгінде жастарды қолдауға бағытталған көптеген бағдарламалар қабылданды. Осы туралы айтқан жастар саясатының мамандары Елбасы ресми түрде жариялаған «Жастар жылын» қалай өткізу жоспарлары мен мақсаттарын ортаға салды.
Аудандағы әрбір округтің жастар ісі жөніндегі мамандары ауылдағы жұмыссыз болып санға еніп, санатта тұрған әрбір жас азамат бойынша есеп берді. Көкпекті ауданы бойынша есепте тұрған 2191 жас азамат бар екен. Бүгінгі күні олардың 97-сы «өзін-өзі қамтушы» ретінде тіркелген. Жастардың арасындағы «өзін-өзі қамтушылар» шаруақожалықтарында, жеке шаруашылығы бар туыстарында еңбек етіп жүрген адамдар, қарамағында 10 бастан көп ірі қара малы бар, соның өнімін жеке шаруашылығында ұстап қажетіне жаратып отырған бақуатты шаруа-лар. Бұлар тек қана тапқан пайдаларынан мемлекетке салық төлесе де, өздері үшін зейнеттік және басқадай төлем жүргізбейтін болып шықты. Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлының «өзін-өзі қамтушыларға» жеке кәсіпкер ретінде тіркеліңдер деп үндеуі, азаматтардың келешегін ойлағаны екенін жастар мамандары қалың бұқараға түсіндіру қажеттілігі баса айтылды.


Ақпан айының 20 дейін ауылдық округтер мамандары өздерінің жобаларын жасақтап, аудан басшылығы алдында қорғап шықса, тиімді, пайдалы жобалар толық қаржыландыратыны жастарға серпін беріп, үміттерін үкіледі.
Жиынға Көкпекті ауылы жастар саясатының маманы Андрей Дерингтен басқалары тыңғылықты даярланып келіпті. Округте қанша азамат жұмыссыз ретінде тіркелген деген сауалға Көкпекті ауылдық округі әкімідігі аппаратының маманы, мемлекеттік қызметкер: – 68, - деп жауап қатқаннан басқа ештеңе айта алмады. Көкпекті ауылында ауылды абаттандыру бойынша бес жоба жоспарланып жатқанын, олардың аудан басшылығы алдында қорғалып, іске асырылатынын Жастар орталығының директоры Азамат Қалықов хабарлады.
Көкпекті ауданың жастары «Жастар жылында» жасампаз істер атқаратына сенеміз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз