Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Асхат Смаилов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық маслихат хатшысы, бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметшілер қатысты. Жиында мемлекеттік Әнұраннан кейін сөз алған аудан әкімі «мемлекеттік қызметші күні» кәсіби мерекесінің маңыздылығына тоқталып, әріптестерін құттықтады.

– «Мемлекеттік қызмет – ұлтқа қызмет ету». Бұл Елбасының даму стратегиялық бағдарламаға енгізген басты қағидаттарының бірі. Барлығымызға ортақ кәсіби мерекелеріңмен шын жүректен құттықтаймын! Барша мамандық иелерінің мерекелері аталып өтілуде. Мемлекет басшысының жарлығымен мемлекеттік қызметкерлердің де атаулы күні 23 маусым боп белгіленді. Біздің қызметтің маңыздылығын айтпаса да белгілі. Қызығы да, қиындығы да бар, артылған жауапкершілік те күшті. Жылдан жылға жұмыс барысы күшеюде. Ол Президенттің жыл сайынғы халыққа Жолдауында айтылып, міндеттердің артқаны айқындалып келеді. Оның нәтижелерін күнделікті жұмыста көріп те жүрсіздер. Бұл қызметке бет бұрып жатқан жастардың легі жыл санап байқалуда. Мемлекеттік қызметкердің жүріс-тұрысынан бастап, табандылықты талап ететін тұстары жетерлік. Қарапайым халық біздерге қарап, әкімшіліктің жұмысына баға беріп отырады. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында елімізді алдыңғы қатарлы дамыған еңселі елдердің қатарына енгізу мақсаты анық қойылды. Осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, абыройлы қызмет тілеймін, - дей келе, ауданның дамуы мен өркендеуі жолында көп жылдар бойы ортақ іске үлес қосқаны үшін мемлекеттік қызметтің ардагерлері Б.Қожамбетов, А.Сыдықов, Б.Қожамжаров, К.Смаилова, В.Лихомяжев, Г.Ақшабаева, Қ.Орсаев, К.Әубәкірова, Ф.Мәжібаева, З.Машенская, О.Қабдылов, С.Оразаев, Г.Қасенбаева, М.Қалиқанов, Қ.Мусина, З.Ахмерова, Б.Мусин, Ш.Бақтия-рова, В.Гладышев, Р.Наурызбаева, М.Сей-сенбаев, Р.Әміржанова, В.Тупицын, Ғ.Нази-кеева, С.Фахрутдинова, С.Зейнуллин, Р.Жұма-гельдина, Ә.Золотухина, Г.Булем-баева, Н.Дүкенова, Т.Қайсановалар аудан әкімінің атынан бағалы сыйлықтар табысталды. Ал, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің ШҚО бойынша Департамент басшысының Алғыс хатымен өз қызметтік міндеттерін кәсіби деңгейде атқарып жүрген С.Әбуханов, Т.Кисин, Ә.Тұяқбаева, А.Назарханова, С.Қайқыбаева марапатталды.
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының Алғыс хатымен ел мүддесін еселеу жолындағы елеулі еңбегі үшін партия мүшелері Е.Ниязбаев, Қ.Умаров, Ж.Әмірхан, О.Рақышева, А.Ыдырышова, Е.Сауыхқа берілсе, облыстық кәсіподақ ұйымының мадақтамасы ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Б.Юсупов, Ф.Нұрғалиева, Г.Нұрғалиева ие болды. Сондай-ақ, аудан әкімінің мадақтамасы қажырлы еңбегі, кәсібилігі және аудан өміріне қосқан зор үлесі үшін Г.Беспаева, С.Қалиев, Д.Смаилова, Д.Сүлейменов, Н.Сүлейменовке берілді. Көкпекті ауданы әкімінің Алғыс хаты мемлекеттің беделін арттыруға өзіндік үлестерін қосып жүрген Ж.Кенемолдинова, Ж.Көпесов, Ж.Назарбаев, Ғ.Смаилова, А.Рахымбаеваға табысталды.
Мерекелік салтанатта мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жас мемлекеттік қызметшілер Гүлжан Хамитова, Елена Самина, Жанерке Майшекенова ант қабылдап, адал қызмет етуге және мемлекет мүддесін қорғауға серт берді. Жас қызметшілерге аудандық маслихаттың хатшысы Талғат Манапұлы Сарманов ақ жол тілеп, жылы лебізін арнап, қызметтік куәліктерін табыс етті. Ел болашағының жарқын болуына атсалысып жүрген мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырып, халықтың сенімін күшейтуге тырысып жүрген сала қызметкерлері Нұрлан Назарханов, Қайрат Ахметқалиев, Гүлнар Нұрғалиева, Серік Нұралинов өзге қырынан танылып, өздерінің өнерлерін ортаға салды.
Мереке соңы ауданның мемлекеттік қызметкерлері мен Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің көркемөнерпаздары дайындаған ән шашумен ұласты. Салтанатты мереке түстен кейін мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық іс-шаралармен «Дорожник» стадионында жалғасты. Спорттың әр түрінен болған сайыста мемлекеттік қызметшілер өздерін басқа қырынан көрсетті.
Қалимаш Мусина, зейнеткер:
- Бейбіт бәсекеде жұлдызы жарқыраған кез-келген өркениетті елде мемлекеттік қызметкердің атқаратын рөлі ерекше екені белгілі. Өйткені, мемлекеттік қызметші – биліктің биік бейнесін танытып, іскерлік қабілетін көрсететін тұлға, мемлекеттік саясатты алға жылжытатын қозғаушы күш болып табылады. Сондықтан да, барлық мемлекеттік қызметшілерді мерекелерімен құттықтаймын. Еңбектерінің жемісін көріп, биік шыңдарды бағындыра берсін демекпін.
Жанерке Майшекенова, жас мемле-кеттік қызметкер:
- Мен ең алдымен елдің абыройын асқақтатып, халықтың алдындағы қыз-метімді, межелі міндетімді бірінші орынға қойдым. Өйткені халықтан биік еш нәрсе жоқ. Мемлекеттік қызметтің өз жүгі, өзі биігі бар. Сол жүкті бар ыждаһатыммен арқалап, ел ертеңі үшін еселі еңбек етіп, Елбасының салиқалы саясатын әрі қарай қолдап, қуаттасам маған одан артық ештеңе қажет емес. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз