Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы жақындап келеді. Қасиетті де қастерлі Отан үшін жан беріп, жанын пида еткен шейіттерді жыл сайын еске алып, олардың рухына тағзым ету – біздің, кейінгі ұрпақтың ең басты парызы.

Біздің борышымыз — бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету. Осы орайда аудандық Жастар орталығы аймақтық ауқымда айтарлықтай істер атқаруда. Мәселен, 25 шілде күні аудандық Жастар орталығының бастамасымен құрамына 30 белсенді жас кірген топ Подгорное ауылында сенбілік ұйымдастырды. Үш Кеңес Одағының Батыры шыққан елдімекенге жастар орталығы биылғы жылы осымен екінші мәрте тазалық жұмыстарын жүргізіп отыр. Игілікті шараға ауылдық округтердегі жүрегі Отан деп соғатын, ел қамын ойлайтын жастар саясатының мамандары барынша үлестерін қосты. Оның барысына Белое ауылдық округінен, Бастаушы  ауылынан және Миролюбовка ауылынан жастар қатысты. Жұлдыз Құмарова, Айдос Кәкенов, Мадина Есенбаева сынды жастар ісі жөніндегі мамандар бастаған белсенділер ауыл ішіндегі бағандар мен ағаштарды әктеп, қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізді.

Көкпекті ауылында жұмыс істеп жатқан «Жасыл ел» жасағының 15 сарбазы да аталған игілікті шарадан тыс қалмады. Біріге атқарған жұмыстың нәтижесінде 8 тыл ардагерінің қоршауы боялды.

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарса-ңында біз Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухтарына бас иіп, сауапты істерді көптеп атқаруға тырысудамыз. Сол себептен, біздің жұмысымыз аталған сенбіліктермен тоқтап қалмасы анық. Әлі сан мәрте абаттанды-ру жұмысын ұйымдастырып, жауынгерлер ал-дындағы парызымызды орындауға серт етеміз.

Біздің ойға алып отырған жоспарларымыз да жоқ емес. Атап айтқанда, тамыз айында Подгорное ауылында тұратын аз қамтылған отбасылардың қоршауын бірыңғай түске бояу жұмыстары қолға алынбақ. Осы орайда, Палатцы ауылдық округі әкімінің аппараты жастарды керекті құрал-жабдықтар, бояу, әктаспен қамтамасыз етіп, өзіндік қолғабыс жасап отырғанын атап өткен жөн.

Ерең ерліктің өшпес мұрасы болған – Ұлы Жеңістің 70 жылдығына көкпектілік жастар осылайша дайындалуда.

 Дархан Бердібек, Жастар орталығының директоры

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз