Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, дүлей апат. Өрттің шығуы - жылдың әр мезгілінде орын алатын фактор. Сондықтан да, біздің әрқайсымыз өртке қарсы қауіпсіздік шараларын білгеніміз жөн.

Жыл өткен сайын өрт статистикасы көңіл көншітерлік емес. Сондықтан, тұрғынжай секторлары мен мекеме нысандарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі алаңдатушылық туғызатын жағдайда. Әрбір мекеме басшысы немесе жеке кәсіпкер өз мекемесінде қажетті өрт қауіпсіздігі шараларын қолданып, алдын алуға міндетті.

Берік Құнанбаев, ӨБ-35 басшысы, Самар ауылы:

-Біз Самар аймағы бойынша өрт сөндіру қызметін көрсетеміз. Біздің міндетіміз – төтенше жағдайларда шыққан өртті жою. Жіті бақылау қызметі аудандық ТЖ бойынша бөлімнің қолында. Өрт сөндіру бөлімінде 4 автоцистерна, 1 бірлік «УАЗ», 1 бірлік «ГАЗ-53» автокөлігі бар. Жұмысшылардың саны - 15 адам. Ағымдағы жылдың басында 43 рет өртке шығу жұмыстары ұйымдастырылды. Оның – 8-і тұрғынжай секторында болған, қалған 13-і даладағы өрт. 2005 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз қарамағындағы аумақты алғашқы өрт қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етуге міндетті. Бұл дегеніміз - жалпы білім беретін мекемелер мен басқа да ұйымдардың мекемелері өрттің алдын алудың қажетті шараларын орындап, дүлей апаттан адамдарды және олардың дүние мүлкін құтқару жұмыстарын жүзеге асыруға міндетті дегенді білдіреді. Аталған шараларға құқықтық мәселелерді шешу, өрт қауіпсіздігін материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету, өрт сөндіру құралдары мен күштерді тарту, апаттан құтқарушы жұмыстарды ұйымдастыру, өртке қарсы шаралар тәртібін құру және оның орындалуын бақылау, өрт туралы тұрғындарды құлақтандыру, байланыстар орнату, өрт сөндіргіш машиналардың еркін өтуіне мүмкіндік жасау, жауапты тұлғалар мен тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат тарату, ерікті өрт сөндіру жасақтарын ұйымдастыру. Өрт сөндіруге қосымша күштер сұрау туралы ауылдық округ әкімінің берген өтінішіне сәйкес, әрине, біз көмек қолын созамыз. Қыста болатын өрттер негізгі массаны құрайды. Ал, жаз бен күз айларында шөп дайындау мен оны тасымалдау жұмыстарына байланысты аса сақтықты қажет етеді.

Ержан Дүсіпов,* «Дүсіпов» шаруа қожалығының басшысы.

-Жыл сайын жазғытұрым және күз мезгілдерінде ТЖБ қызметкерлері шаруа қожалығында өртке қарсы түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Ағымдағы жылдың жазы құрғақ және желді болғандықтан, біз өткен жылғы өрт оқиғаларын ескере келе, қазіргі күні де өрт қауіпсіздік шараларын сақтауға тырысамыз. Осыған орай, біз дәнді-дақылдарды жинау және мал азығын дайындау тәртібін өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау шараларына сәйкес алдын ала қарастырамыз. Өнім жинайтын агрегаттар мен автокөліктер өрт сөндіруге қажетті алғашқы құралдармен жабдықталған (өрт сөндіру құралдары, сақпан, үшкір күректермен). Тракторлар ұшқын сөндіргіштермен жабдықталған және қуаттандыру жүйесі, тұтандырғыш және майлау қондырғылары реттеледі. Орманға және жолдарға жақын орналасқан егіс алқаптарның маңындағы шөптер шабылып, ені 4 метр жолақ жыртылады. Жазғы дала қостары астық алқабынан және қырмандардан 100 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Мұнай өнімдерін құю және сақтау - жанғыш қоқыстар мен құрғақ шөптерден тазартылған арнайы орындарда жүзеге асырылады.

Қайдар Сұрашев, Мариногорка ауылдық округінің әкімі: Кез келген елдімекендердің аймағындағы өрт жағдайы мен оның қауіпсіздік шаралары - жергілікті атқарушы биліктің ең маңызды міндеттердің бірі. Біздің округте 2 бірлік өрт сөндіргіш машина бар. Өрт болған жағдайда 100 литр жанармай, жөнделген сорғыш құрылғы бар, сондай-ақ, су толтырылып дайын тұр. Бізді барлық қажетті құрал–жабдықтармен қамтамасыз еткен Есенбек Мәмбетовке алғысымыз шексіз. Сонымен қатар, округте 30 сақпан, 6 аспалы қалташалар және өрт сөндіру жасағының құрамында 30 адам бар. Ағымдағы жылдың сәуір айында «Первый ключ», «Белаши», «Черный ключ» учаскелерінде шыққан өртті біз өз күшімізбен, тұрғындар мен орманшылардың көмегінің арқасында жойдық. Табиғи өрттің алдын алу біздің ортақ ісіміз. Бұл істе немқұрайдылық пен сырттан бақылау болмау керек. Себебі, өрттің болатынын ешкім алдын ала болжай алмайды. Бұл дүлей апаттың шарпуы біздің әрқайсымызға тиюі мүмкін.

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз