Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Кот-д'Ивуар және Жапония ұлттық құрамалары арасындағы бәсекеден соң азиялық жанкүйерлер «Пернамбуку Аренасын» біршама уақыт босатпады. Сүйікті командасының соңынан басқа континентке еріп келген өз құрамаларының табынушылары олардан кейін қалған қоқыстарды бір кісідей жинастыруға кірісті. Спортшылар ғана емес, сондай-ақ олардың жанкүйерлерінің тәртіптілігінің осындай үлгісі, өкінішке орай, әзірге біздің бойымыздан табылмауда. Жан-жақты қаптаған қоқыстардың арасында өмір сүру – біздің күнделікті өмір салтымызға айналғандай. Тіпті, күн сайын ауыл жастары мен жасөспірімдері футбол ойнайтын «Дорожник» стадионы аумағында да осы жағдай қалыптасқан. Ұқыптылық әрдайым тазаланып тұратын жерде емес, қоқыстарды тастамайтын орында қалыптасатыны белгілі. Өкінішке орай, бұл қарапайым шындықты біздің жастарымыздың санасына ешкім құймаған сыңайлы. Қалай болғанда да, стадиондағы қоқыс қалдықтары мәселесі сол жерде күнделікті өзінің бос уақытын өткізетін жастардың ар-намысына сын.

Надежда ШАРОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз