Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Әлемдегі ең сұранысқа ие өрт сөндіруші – құтқарушы мамандығы. Өрттер, табиғи апаттар, төтенше жағдайлар күн сайын орын алады және адам өмірлері мен материалдық құндылықтарды құтқару үшін ержүректі, шешім қабылдайтын және шыдамды азаматтар қажет. Көкпекті ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және «ӨС ж АҚЖҚ ШҚО ТЖД» № 58 ӨСБ ММ бөлімі құтқарушыларының күн сайын, әр сағатта атқаратын істерінің маңыздылығы мен мәнділігін айтсақ орынды. Қандай қиыншылыққа тап келсе де ТЖ қызметкерлері жауапкершілік пен өз ісін абыроймен атқаруға бар ынталарымен кірісуде. Аудан аумағындағы, сондай-ақ одан шеткері жатқан жерлердегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде шешуге қабілетті, жедел әрекет ететін жүйе қалыптасқан.


19 қазан құтқарушылар мерекесі қарсаңында Көкпекті ауданының Төтенше жағдайлар және «ӨС ж АҚЖҚ ШҚО ТЖД» № 58 ӨСБ ММ бөлімшесіне барып, бөлім басшыларымен әңгімелесіп қайтқан едік.

– Қазақ халқы өртті «тілсіз жауға» бекерден-бекер теңемеген, – дейді бізбен әңгімесінде «ӨС ж АҚЖҚ ШҚО ТЖД» № 58 ӨСБ ММ бөлімшесінің басшысы, майор Сайлаубек Әубәкірұлы Дубаев. – Қызыл жалын тосыннан тұтанады. Өрт көбінесе адамдардың бейқамдығынан, ұқыпсыздығынан шығып жатады. Өрт қауіпсіздігін қатал сақтауға қанша шақырсақ та, жұртшылықтың оған мән бере бермейтіні өкінішті. Мұның соңы кейде қайғылы оқиғаға әкеліп соғады.
Басқарма бастығының айтуынша, Көкпекті ауданы аумағында былтыр 10 шақты дала өрті және 53 тұрғын үй секторында болған екен. Аудандық мамандандырылған өртке қарсы қызметінде Көкпекті ауылында 23 адам, Самар ауылында 16 адам бар. Мамандандырылған өртке қарсы қызмет төрт қарауыл бойынша жұмыс істейді. Әр қарауылдың өз жетекшісі бар. Жауынгерлерді «тілсіз жаумен» айқасуға жол бастайтын – осы қарауыл жетекшілері. Олар – нағыз от майданының ортасында жүретіндер. Мұнда да әскери тәртіп. Командирдің әр сөзі – заң. Бұлжытпай орындалады. Төтенше оқиға болмаса да өрт сөндірушілердің әр минуты, әр секунды санаулы. Жұмыс кестелері тығыз. Жауынгерлер әрқашан қандай жағдайға да сақадай-сай болуы керек. Бұлардың күнделікті өмірі спорт десек болады. Тәулік бойы жаттығады. Ғимараттың ішінде де, сыртында да жедел-құтқару шараларына үздіксіз дайындалады. Бұған қоса, арнайы әзірліктен өткен жетекші офицерлердің дәрістерін тыңдап, теорияны практикамен ұштастырады. Өрт қауіпсіздігі ережелері мен тәлімдерін қайта-қайта пысықтап, техникалық құрал-саймандарының толыққандығын ыждаһатты тексеріп отырады. Қысқасы, шұғыл шақыруға тап-тұйнақтай дайын жүреді, – дейді бөлім басшысы Сайлаубек Әубәкірұлы.
Сондай-ақ, ол өз сөзінде әріптестерін және осы саланың ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді:
-. Ержүректік, батылдық және абырой - күнделікті жұмыста және ең қиын жағдайларда танылатын әрбір қазақстандық құтқарушыға тән қасиеттер, сондықтан да осындай батыр жүректі жастарымыз көбейе берсін. Кәсіби мереке құтты болсын, отбасыларына амандық, бірлік береке тілеймін! - дей келе, ол өрт қауіпсіздігін сақтап, пешті, электрге қосылған барлық заттарды қадағалап, дер кезінде өшіріп отыруды және кішкентай балаларды мүмкіндігінше қараусыз қалдырмау керектігін ескертті. Әрине, апат айтып келмейді. Дегенмен де, «Сақтанғанды құдай да сақтайды».
Бүгінде Көкпекті ауданы өрт сөндіру қызметкерінің беделі жоғары. Жұмыстың нәтижесі – мыңдаған құтқарылған өмірлер. Қандай қайғылы, қасіретті оқиға болмасын, бар күш-жігерін салып құтқару жұмыстарын жүргізіп жүрген өрт сөндірушілердің мереке күні жұмыстарына табыс, жанұяларына амандық және зор денсаулық тілейміз. Сіздердің ауыр еңбектеріңіз Сіздер құтқарған адамдардың алғыстарымен бағаланып, тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуіне үлесін қоссын дейміз!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз