Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Біздің елімізде 2002 жылдың 30 қыркүйегінен бері Әділет басқармасы қызметкерлері күні аталып өтуде. Үстіміздегі жылы Әділет Министрлігінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осындай атаулы кәсіби мереке қарсаңында Көкпекті аудандық Әділет басқармасының тыныс-тіршілігімен тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында мекеме басшысымен жолықтық. 2011 жылдан бері аталмыш басқарманың жұмысын ілгері бас-тырып жүрген жас басшы Ильясов Қанат Қабдыкәрімұлы ұжым қызметкерлерінің жұмысын баяндап берді.


- Аудандық Әділет басқармасы 2005 жылы құрылған. Мекеме сол уақыттан бастап, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жүзеге асырып келеді.Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» заңында көрсетілгендей, әділет органы атқарушы билік органы болып табылады. Өз қызметтік құзыреттілігі аясында мемлекеттің құқықтық іс-әрекетін қамтамасыз етуді іске асырады. Мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен мекемелердің, басшылар мен азаматтардың жұмысындағы заңдылық тәртіптерді қолдайды және олардың құқықтары мен заңды талаптарын қамтамасыз етеді.
Әділет Министрлігінің біртұтас жүйесіне аймақтық органдар, ведомстволық ұйымдар, мемлекеттік сот орындаушылар, наркологиялық, психиатриялық, сот-медициналық және сот-техникалық сараптама, адвокаттық, нотариат, облыстық, қалалық және аудандық аймақтық әділет органдары кіреді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Заңдары және Президент Жолдауларын түсіндіру, жылжымайтын мүліктерді мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғалар мен өкілдіктерді тіркеу, авторлық және сабақтас құқықтардың сақталуы біздің құзырымызда, - деп, атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Қанат Қабдыкәрімұлы күнделікті қабылдау жүргізу арқылы жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз-шағымдар мен өтініштердің Заңда көзделген мерзім ішінде қаралатынын да тілге тиек етті.
Шағын ұжымда бас маман А.Жотобаева, инспекторлар Е.Рахатов, Қ.Байтілеуов, А.Қаратаева бірнеше жыл қатарынан тындырымды еңбек етуде. Олар аудан тыныс-тіршілігінен де тыс қалмай, белсене араласады және атқарылған жұмыстар нәтижесінде аудан бюджетіне қомақты үлес қосуда. Айына бір рет «Нұр Отан» партиясы ғимаратында «Әділет кеңес береді» акциясы арқылы аудан жұртына кеңестер беріледі. Аудандық Әділет Басқармасының басшысы және ұжымы заңдылықты сақтаудағы мінсіз еңбектері, аудан дамуына қосқан ауқымды үлестері үшін Әділет Министрлігінен және облыстық Әділет Департаментінен, аудан әкімінен бірнеше мәрте Алғыс хаттар алған.
Әділет басқармасы қызметкерлері тек заңдылық тәртіптерін ретке келтіріп қана қоймай, бос уақыттарында спортпен де шұғылданады.Қанат Қабдыкәрімұлы 25 жылдық мерейтойға орай, Басқарманың ұйымдастыруымен баскетболдан аудандық жарыс өткізуін айтып берді. Оған қатысқан Ж.Шайжүнісов ОМ - ІІІ-орын, ХҚКО - ІІ-орын, аудандық «Жұлдыз» - «Новая Жизнь» газеті редакциясының командасы І-орын, яғни Кубок иегері болды. Жеңімпаздар Мақтау грамотасымен, ақшалай сыйақымен марапатталды.
2011 жылдан бері жас инспектор Рахатов Ержан Болатбекұлы Әділет басқармасында еңбек етіп келе жатыр. Шұбартау ауданының тумасы Ержан Семей қаласындағы Қайнар колледжін заңгер мамандығы бойынша тәмамдапты. – Мен бұл мекемеде Әділет басқармасының жылжымайтын мүлікті тіркеу инс-пекторы міндетін атқарудамын. Бұл жерге азаматтар мен заңды тұлғалар жерді, ғимараттарды, тұрғын үйлерді заңдастырып, тіркеу үшін жүгінеді. Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік Корпорациясы» электрондық қызметі іске кірісуіне байланысты, келген адамдардың жұмыстарын тез әрі сапалы орындап береміз. Жұмысым өзіме ұнайды. Ұжымымыз ылғи жастардан құралғандықтан біз бір-бірімізді қиындықсыз түсінеміз, - дейді жас маман.
Мақаламызды тәмамдай келе, Әділет басқармасы қыз-меткерлерін ширекғасырлық мерекелерімен құттықтаймыз! Қа-зақстанның көк туы астында еңбектеріңіз жемісті, дендеріңіз сау болып, тәуелсіз еліміз өркендей берсін демекпіз!

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз