Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қыркүйектің 14 жұлдызында Көкпекті ауылдық округінің ғимаратында «Отбасын қолдау күні» республикалық акциясы аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мазмұны мол, маңызды іс-шараға ауылдық округ әкімі Е.Ниязбаев бастаған әкімшілік аппараты қызметкерлері, ішкі саясат маманы, БАҚ тілшісі және басқа да түрлі сала өкілдері қатысып, пікірлерін ортаға салды.
Арнайы бағдарлама бойынша өткен, отбасын қолдау акциясы аясында қолға алынып отырған шараның алғысөзін ауылдық округ әкімі өзінің ізгі лебізімен ашты. – Отбасы бақыты – басты құндылықтардың бірі. Тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы отбасындағы берекеден, өскелең ұрпақтың өз ұясынан алған тәрбие бастауынан құрылады. Өз елін шын сүйетін, адал, еңбексүйгіш, жасампаз ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың басты парызы. Сондықтан тал бесіктен бала бойына абзал қасиеттің нәрін егетін отбасылар көп болсын! – деді Ерлан Қизатоллаұлы.


Шараға жиналған қонақтар отбасындағы тәрбие, ондағы әке мен ананың рөлін көрсететін бейнежазбаларды тамашалады. Дөңгелек үстел барысында, округ әкімінің орынбасары Н.Укешова, әкімшілік маман-хатшы Ғ.Мерибаева, жасөспірімдер ісі бойынша инспектор Н.Советханова, СӨС кабинетінің меңгерушісі О.Дериглазова, бас маман М.Құмарова баяндама жасап өтті. Олар округ көлемінде отбасындағы ұрпақ тәрбиесіне байланысты, жағдайы нашар, көпбалалы, аз қамтылған отбасылармен жүргізілген әлеуметтік жұмыстар жайлы, басқа да жастарды жат ағымдардан қорғау жолдары туралы ұсыныстарды ортаға салды. Ең қызығы, М.Құмарованың жанұя мәселесіне байланысты қатысушылармен жүргізген психологиялық тренингі болды. Тренинг барысында әркім өзіне сай сипаттама алып, ойын ортаға салып мәз болысып, сергіп қалды.
Сондай-ақ, ауыл әкімі акцияға орай, ауданымыздағы ең жас және тату, көпбалалы әрі үлгілі отбасының отағасы бес баланың сүйікті әкесі, «Қазпошта» АҚ жас басшысы Айдар Сыдықовты Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапаттауы шараның шарықтау шегі болғанын айта керек. Жары Гүлмира бала тәрбиесімен қоса жеке кәсіпкерлікпен шұғылданатын бақытты отбасындағы табыстың құпиясы – жанұядағы түсіністік пен сүйіспеншілікте екенін айтады жас әке Айдар.
Бұл баршамызды сүйсіндіретін әрі үлгі ететін жәйт екені айтпаса да түсінікті. Қатысушылар елімізде осындай отбасылар қатары көбейе берсін деген тілекпен және риза көңілмен тарасты.


Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз