Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

-Ұлы Отан соғысы салған қасіретті көрмеген отбасы жоқ шығар. Сондықтан да, біз өткенімізді ұмытпай, аталарымыз қаһармандықпен алып берген Жеңісті қастерлей білуіміз керек. Өздеріңізге белгілі әлем халқы бұл мерекенің келесі жылы 70 жылдық мерейтойын атап өтеді. Біз де қапы қалмай, дайындықты осы уақыттан бастауымыз керек,- деп бастады аудан әкімі Д.Мусин ауылдық округ әкімдері, мамандары,  шаруашылық басшылары, білім беру мекемелерінің директорлары, қоғамдық ұйымдар жетекшілері мен ауылдың сыйлы адамдары қатысқан жиынды.

Бұл соғыста біздің қаншама азаматтарымыз шейіт болса, қаншасы еліне оралып, қолындағы қаруды шаруа құралына алмастырып, соғыстан кейінгі бүлінген шаруашылықты қалпына келтірді. Олардың арамызда көзі тірісі де қазіргі күні саусақпен санарлықтай қалды. Әр соғыстың өз ерлері мен қаһармандары бар. Солардың қатарында біздің ауданнан шыққан Кеңес Одағы Батырының есімін біз ешқашан да жадымыздан шығармауымыз керек. Жеңіс мерекесін тойлау тек қана сыйлық таратып, дастархан жаю емес. Ол күнге дайындық тиянақты болуы керек. Ең алдымен, ауданымызда бар ескерткіштер қалпына келтіріліп, ұрыс даласында қалған жауынгерлерді тебірене еске алатындай, бүгінгі ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, олардың санасында осы күнге жеткізген аға буын ұрпақтың ерлігінің ұрығын себе отырып, қастерлей білуді дәріптейтіндей болуы керек. Біздің ауданда бір ғана Палатцы ауылдық округінен төрт Батыр шыққан. Ал оның үшеуі ғана сол округке қарасты Подгорное ауылынан. Аудан, облыс, республика көлемінде дәл осындай үш батырымен мақтанатын ауыл жоқ шығар. Ендеше, біз Ұлы Жеңіс мерекесін осы ауылда ерекше атап өтуіміз керек. Бұл бүгінгі жиынның жалғыз ғана мәселесі болып отыр.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Нұғыбаев жиналғандарды аудан бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспарымен таныстырып өтті. - Жоспарға сәйкес ең алдымен аудандық және облыстық  баспасөз құралдарына Подгорное ауылының тұрғындары атынан үндеу жарияланды. Сонымен бірге,ауылдың мектебі, клуб үйі, және басқа да ғимараттарды жөндеуге жобалық сметалық құжаттар әзірленді,- деді Бек Назарбекұлы. Сондай-ақ, абаттандыру жұмыстарына да жете көңіл бөлінетін болады. Оған ауыл тұрғындары да белсене қатысулары тиіс. Барлық мекеме мен ұжымдарға, қоғамдық ұйымдарға Жеңіс күнін лайықты қарсы алуға белсене қатысу туралы қатынас қағаздар жіберілді.Сонымен бірге, жылдағыдай керуен ұйымдастырылып, оның тақырыбы Жеңістің 70 жылдығына арналады. Көркемөнерпаздар байқаулары да осы тақырып аясында өтетін болады.

Жиын барысында Дүйсенғазы Мағауяұлы Подгорное ауылында мұражай ашып, кешенді түрде көруге болатын өзінше бір туристік кластерге айналуы тиіс дегенді алға тартты. Ауданымыздан шыққан Батырларды бар жағынан жұртқа танытатындай альбом жасалуы керек. Сонымен бірге, аудандық БАҚ бетінде соғысқа қатысқан жауынгерлер мен әр Батыр жайында мақалалар жарияланып, арнайы айдар ашылсын деген тапсырма берді. Патриоттық әндер байқауын, әскери-патриоттық клубтар арасында байқаулар өткізілуі де осы мерейтой аясында болғаны дұрыс. «Туған жерге тағзым» акциясы  бойынша жан-жақтағы жерлестерді мерейтойға үлес қосуға үндеу қажет.

Жиынға қатысып отырған САТК директоры Н.Исенов, мемлекеттік қызмет ардагері А.Садықов, ауыл тұрғыны З.Сидорова да өз тараптарынан білім беру ошақтарында Жеңіс тақырыптарына шығарма жазу, патриоттық әндер мен саптық байқаулар, кездесулер, Даңқ сабақтарын өткізу жоспарлансын, «Ізшілер» жұмыс істеп, хабарсыз кеткен жерлес жауынгерлерді іздеу жұмысын жүргізсе деген ұсыныс айтты. Сонымен бірге, Нұртас Нұрақымұлы өз ұжымының осы мерейтой есепшотына бір күндік жалақыларын аударатындарын айтты. Бұл барлығына жасалған үндеудей болды.

Қорытынды жасай келе, аудан әкімі: «Жөндеу жұмыстарын осы күзге дейін аяқтауға тырысу керек, біздің өлкенің табиғаты белгілі, көктемде үлгермей қаламыз»,-деген ой тастады. «Өткенге құрмет жасап, тарихымызды білмейінше, болашақты құра алмаймыз»,-деген қанатты сөздің жаны бар. Сондықтан да, бұл жиында айтылған әр тұрғынға жеткізіліп, олардың да қатардан қалыспайтынына сенім мол.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз