Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінгі таңда қосағымен қоса ағарған, отасқан 55 жылда өмір өткелдерінен сүрінбей өтіп, қатар жүрген қос қария Қарымсақов Батан ата мен Роза анамыз туралы лебіз.
Жарық дүниеге әкелген 10 баланы бір баладай көрмей, аялап өсірген Батыр ана, әрі 14 немере, 2 шөбере сүйіп отырған кемел әже, отбасының ұйытқысы, асыл жар – Роза әженің отағасы Қарымсақов Батан ақсақал биыл 80-нің сеңгіріне шықса да өзін әлі тың ұстайды. «Босағасын алтыннан соқсаң-дағы, Перзент сүймей, адамның мейірі қанбас», деген Шал ақын. Көпшілік арасында сый-құрметке ие Қарымсақовтар жанұясы еңсесі биік шаңырақта ай мен күндей ұл-қыз өсіріп, үй ішін сәбидің күміс күлкісіне толтырған, ақын айтқандай перзент сүйіп, мейірі қанған жандар. Олар бала үшін өмір сүретін, «сенің табаныңа кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп тілейтін көпбалалы қазақ отбасыларының бірі емес, бірегейі. Екеуі де қарапайым еңбек адамы.


- Тарбағатайдың күнгейіндегі Шәуешекте өмірге келгенмін. Есейіп, бозбала болған шағымда тарихи Отаныма өтудің сәті түсті. Жастайымнан алғашқыда жүк түсіруші болдым, кейін шоферлік мамандықты меңгердім. 1962 жылдан бері әуелі ветлабораторияда 6 жыл, кейін аудандық прокуратурада жүргізуші болып, зейнеткерлікке шыққанша істедім. Бірге қызметтес болған марқұмдар, Ә.Салықжанов, Р.Әкімбаев, бүгінде құрметті еңбек демалысындағы Қ.Кесекбаев, О.Есенов сияқты бас прокурор болған азаматтар туралы жақсы естеліктер әлі жадымда. Сол кісілердей білімді де білікті, әділдіктің ақ туын жоғары ұстаған заңгерлермен бірге жүргенде «менің де балаларымның ішінде заңгер болса ғой» деп іштей армандаушы едім. Аллаға шүкір, ойым жүзеге асты. Қанатым Талдықорғанда Алматы облысы бойынша арнайы прокуротура сында басқарма басшысы, Санатым Көкпекті ауданында аға сот орындаушы, Бақытбек Өскемен қалалық прокурорының орынбасары, Қайрат Курчатовта жеке кәсіпкер, үлкен қызым Гүләйім Көкпекті орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Гүлсара қаржы қызметкері, Гүлмирамыз 12-13 жыл болды науқас,1 топтағы мүгедек, Талғат жоғары білімді мал дәрігері маманы (қайтыс болды), Гүлбаршын мен Эльмира деген қос ару қыздарымыз әбден бойжеткен шағында Семей полигонының зардабынан дүниеден озып, қабырғамызды қайыстырып кетті ғой, - дейді Батан аға күрсініп.
Екі қарияны суретке түсірмек болып, біраз әуреге салдым. Роза анамыз аяқ буындарының ауруынан жүрісі баяулап қалыпты. Әрең жүрген Роза апаға Батан атаның «Болсаңшы тез, майыспай! Бұл өтірік жүре алмай, еркелеп, маған жұмыстың бәрін итеріп тастамақ» деген қалжыңынан-ақ, күллі қуанышты да, ренішті де бірге бөліскен ерлі-зайыптылардың арасындағы бір-бірін қабақ қағысынан ұғатын жарасымдылықты аңғарасыз. Роза ана да үй тіршілігімен шектеліп қалмай, бала тәрбиесімен бірге аудандық газет редакциясында бірнеше жыл әріп теруші, мал дәрігерлік станция-да санитар, одан еңбек демалысына шыққанша қоғамдық асханада ас пісіруші жұмыстарын істеген.
- Балаларымыз ешкімнен кем болмасын, біздің қолымыз жетпеген биіктерге солар жетсін деп тер төктік. Шалымыз екеуміз оларға жоғары білім әперу үшін бар күшімізді аямадық. Өйткені, ата-ана еңбегінің жемісі баласының жетістігімен өлшенеді ғой. Еңбегіміз еш кетпеді. Құдай қолдап, шаңырақтан түлеп ұшқан ұрпақтарымыз тәуелсіз Қазақ елінің әр түкпірінде тірлі салада еселі еңбек етуде. Тіпті, немерелеріміздің алды жоғары білімді маман болып, ел игілігіне қызмет ете бастағанын мақтанышпен айтуыма болады. «Адам ұрпағымен мың жасайды». Өміріміздің жалғасы бала-шаға, немере-шөбере, әрі қарайғы шөпшек-неменелердің амандығы біз үшін зор бақыт, - дейді әлі де өңінде әдеміліктің сыны бар Роза әжеміз әдеппен езу тартып.
Елбасы Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отанымыздың ошағы, өмір аясы болып табылатын жанұя беріктігін, оның құн-дылықтарын насихаттау мақсатында Отбасы күні деп жарияланғаны белгілі. Аталмыш мерекеге орай, отбасының алтын діңгегі болу әке мен шешенің ең қасиетті міндеттері екенін жете ажырату, терең түсіну үшін, жаңа шаңырақ көтерген жастарға үлгі-өнеге болсын деп Қарымсақов Батан ата мен Роза ананың тәжірибесін қысқа әңгімемізге арқау еттік. Қос аққудай жарасқан қарттарымыз, шаңырақтарыңыздан бақ кетпей, әлі де жасай беріңіздер! Сіздерді Отбасы күнімен құттықтаймыз!
Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз