Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекеттің іргетасы – үлгілі шаңырақтан басталады. Сондықтан да отбасы институтын нығайту Елбасымыз қойып отырған басым міндеттердің бірі. «Қазақстан-2050» Стратегиясында отбасы мәселелеріне, оның мәртебесінің артуына көп мән беріліп отыр. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 1 нау-рыздағы № 3827 Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні деп белгіленген болатын.


Қоғамда отбасы құндылығын дәріптеу арқылы сыйлы отбасыларды үлгі етуі ұрпақты ізгілікке тәрбиелеуде маңызы зор. Осындай отбасылар қатарына үлкенбөкендік үлгілі, тамырын тереңге жайған Қалдыбаев Қани ақсақалдың отбасы деуге болады. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз Қани ата, өнегелі отбасында тәрбиеленіп, ұясынан қанат қаққан балапан – бүгінгі таңда өз алдына отау иесі, өзінің де балапандары өсіп-жетілуде. Қазіргі таңда, 75 жастың желкесіне мініп, жұбайы Мәулетхан Қалдыбаева екеуі Үлкенбөкендегі үлгілі отбасылардың бірі және бірегейі деуге болады. Шаңырағы биік, өнегелі отбасының ірге тасы қаланғанына биыл 53 жыл. Қани ата жас кезінен мал бағып колхоз, совхоз кезінде еліне еңбегі сіңген азаматтардың қатарында болды. Қазіргі таңда 53 жыл отбасылық өмірінің ыстық-суығын бірге бөліскен Мәулетхан апа екеуі 8 бала, 17, немере, 3 шөбере сүйіп, шаңырақты мәуелі бәйтерекке айналдырып отыр. Бүгінгі күні өздері де қазақтың салт-дәстүрімен келін түсіріп, құда-құдағи атанып, келінге қайын ата, қайын шеше болып отырған жайлары бар. Еңбек жолында қиын да қызықты күндер, тартыс, күрес – бәрі де болды. Бірақ, қиындыққа шыдамды, жақсылыққа құмар болуды әрқайсысы өз отбасында сезініп, біліп өскен ерлі-зайыптылар, біршама істің басын қайырды. Мәулетхан апа үйде бала тәрбиесімен бірге, Қани атаға тірек боп сауда саласында өз ісін ашып еңбек етті.
Мемлекеттің негізі отбасы десек, сол отбасы қандай болса, мемлекет те сондай болады. Өйткені, отбасында татулық пен береке, бірлік болса, әдептілік болса, ондай отбасында тәрбиеленген бала да келешекте елінің, қоғамның, тіпті болмағанда өзінің жүрген ортасының қадірлісі болары анық. Бүгінгі біздің үлкенбөкендік Қани ата мен Мәулетхан апанының отбасын кейінгі өскелең ұрпаққа үлгі етеміз. Мерейлі отбасы, сіздердің отбасыңызда әрдайым сыйластық, береке-бірлік болсын!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз