Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре-зиденті – Елбасының кітапханасы мен Қоры Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл-дығын құрметпен атап өту мақсатында, баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбы бойынша, алдағы тарихи оқиғаға арналған таңдаулы материалдарға ашық конкурс жариялайды.


Конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жыл-дарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мем-лекеттілігінің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету.
Конкурс төрт номинация бойынша өткізіледі:
1. «Үздік теледидар материалы»;
2. «Үздік радиоматериал»;
3. «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»;
4. «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым».
Номинациялардың әрқайсысы бойынша же-ңімпаздарға 1 миллион теңге мөлшерінде ақ-шалай жүлде беріледі, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше – 500 мың және 200 мың теңге беріледі. Одан басқа, барлық жүлдегерлерге дипломдар мен төсбелгілер тапсырылады.
Конкурсқа кәсіпқой журналистер жеке де және ұжымдық негізде де қатыса алады.
Конкурсқа 2016 жылғы 1 маусымнан бастап 31 қазан мерзімі бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жарияланған (басылған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.
Конкурстың қорытындысын құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енген Конкурс комис-сиясы шығарады.
Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2016 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде әкеліп беру тәртібімен немесе поштамен жөнелту арқылы мына мекен-жайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Еңбекшілер көшесі, 10, 213-каб., «Қазақстан тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгісімен қабылданады (байланыс тел.: (7172) 69-30-57, 69-30-52, 69-30-50).

Конкурсты өткізудің шарттары мен уақыты туралы барлық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz, www.presidentfoundation.kz/ сайттары арқылы танысуға болады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз