Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында, ауылдар қарқынды дамып келе жатқан кезде, аудандағы «Ұжымшараралық құрылыс ұжымы» атты мекемеге қаршадай қыз Зинаида Хайлова сылақшы-үйренуші болып жұмысқа орналасты. Содан ешқайда да мойын бұрмастан осы мекемеде ширек ғасыр еңбек етті. Қарапайым сылақшыдан бригадирлікке дейін өсті. Бірақ ол ешқашанда мінезін өзгертпей, қарапайымдылығын сақтап қалды. Қасындағы әріптесі емес, құрбысындай болып кеткен басқа сылақшылар оны сол үшін де сыйлап, жақсы көруші еді. Кейін бұл құрылыс мекемесі «ПМК-16»-ға біріктірілді.


Осындай тату-тәтті қыздар тобы аудандағы қаншама ғимараттарды салды. Олардың ішінде Сарыбел, Раздольное, Жұмба ауылдарындағы мектептер, Мариногор, Көкжыра, Белое ауылдарындағы балабақшалар, Самар ауылындағы Абай, Центральная, Солнечная көшелеріндегі үйлер бар. Ал Лос-кутов көшесінің бас жағындағы қос пәтерлі үйлер мекеме жұмысшыларына арнайы салынды. Бұл көшені ылғи да өздері «ПМК» көшесі деп атайтын. Қазір де біздің қасымызда Еремеев, Дулатбаевтың отбасылары көрші тұрады. Тұрсынбек Дулатбаев тас қалаушылардың бригадирі болды. Палатцы ауылындағы құ-рылыс мекемесін қосқан кезде сылақшылар мен құрылысшылар қатары толыға түскен. Зинаида Семеновна Гүлнар Батырханова, Валентина Ильина сияқты әріптестерімен бірге жұмыс істей жүріп, құрбыға айналды. Қазір олардың ішінде Г.Батырханова әлі де қатардан қалмай, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Ол бұрынғы ескі сылақ әдістерімен қатар, жаңаша еврожөндеуді де игеріп алған.
Зинаида Семеновнаның жұбайы Иван Иванович те осы мекемеде тас қалаушы болып ұзақ жыл еңбек етті. "Біз осы құрылыс басында таныстық. 1974 жылы шаңырақ көтердік»,-дейді Зинаида Семеновна. - Үш бала өсірдік. Өкініштісі, жақында ғана Германияда тұратын қызым Света ұзақ науқастан айықпай, қайтыс болды. Жұбайым да өмірден өткеніне бірнеше жылдың жүзі болған. Қазір жалғыз тұрамын. Сібірде тұратын қалған балаларым жазда келіп, үйімді жөндеп, отын-суымды түсіріп береді. Олар өте алыста, оның үстіне мен туған жерден ұзаққа барғым келмейді. Енді қанша жасымыз қалды, туған жерден топырақ бұйырса деймін. Бұл жердегі әрбір көше, олардағы тұрған үйлерде менің қолымның ыстық табы бар екенін сезіну мен үшін бақыт»
Зинаида Семеновна өзінің еселі еңбегі үшін бірнеше рет аудандық, облыстық кеңестерге депутат болып сайланған. «Даңқ» орденінің, «Құрметті құрылысшы» атағының иегері, Еңбек ардагері. «Зейнеткерлікке шыққаннан соң бізді мүлдем ұмытты. Ешкімге керек жоқпыз. Ешкім де мерекемен құттықтаған емес, мен бүгін таң қалып отырмын. Ұзақ жылдан кейін мені іздейтін де адам бар екен ғой»,-деп таң қалады.
Мерекеңіз құтты болсын, Зинаида Семеновна! Сіз және сіздің әріптестеріңіз ешқашан да ұмытылмайды, өйткені сіздердің қолдарыңыздың табы әр ауылдың төріндегі ғимаратта сақталған.


Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз