Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бала кезімізде ақ шашты әже-леріміздің «Жасымда қаншалықты бейнет берсең, қартайғанымда соның зейнетін көрсете көр», деп жаратқанға жалбарынып отырғандарына талай куә болдық. Шынымен-ақ, белі қайысқанша еңбек етіп, бар қуанышын, бақытын өзі дүниеге әкелген перзентінің қызығынан, қы-лығынан іздейтін асыл аналарымыз қаншама. Тал бесіктегі шаранаға тірлікті ілмектеп, көк бөрінің тегін тәрбиелейтін ананың кеудесі – қазына, сөзі қасиет.


Осы әңгімеміздің кейіпкері Жәкия Аймұхамбетова бір әулеттің киесі, ырысы мен дәулетінің ұйытқысы болып отырған жан. Балалығы, жастық шағы, өмірінің ең маңызды сәттерінің барлығын Тассай ауылында өткізген әже халқымыз үшін аса ауыр кезеңде, 1931 жылы дүние есігін ашқан. Тұлымы желбіреген бала Жәкия 13 жасынан-ақ арқасына еңбек жүгін ілді. Жұмыстың қандай екеніне қарамай, сол шақтан бастап бүкіл саналы ғұмырын шынайы еңбекке арнады. 16 жасында Мәуітбек атамызбен тұрмыс құрып, 5 ұл 2 қызға жарық ғұмыр сыйлап, Алтын алқа иеленді. Бүгінде мәуелі бәйтеректей жапырағын кеңге жайып, ұрпағына саясын беріп отырған қарияның 18 немере, 13 шөбересі бар. Тағдырдың жазуы солай болған шығар, 2001 жылы Мәуітбек атамыз дүниеден озды. Дегенмен, артында әке жолын жалғастырар арыстай ұлдары қалғанын ескерсек, атамыздың ғұмыры тоқтамайтынына, мәңгілік екеніне көз жеткіземіз.
«Бала кезімнен-ақ еңбекпен келген нанның тәтті екенін сезініп өстім. Ауылдың сыртына шығарып бұзау бақтым, біраз есейе келе егін басында өгіз жетектеп тер төктік. Ол кезде үлкен баз, қоралар болатын. Солардың сылақ жұмысымен де айналыстым. Диірменде де жұмыс істедім. Біз ол кезде жұмыс таңдамайтынбыз. Атқарылуы тиіс шаруа болса, орындамай қоймайтынбыз. Ел басына күн туып, аспанымызға қара бұлт үйірілген Ұлы Отан соғысының зұлмат жылдарын да елмен бірге өткердік. Бүгінде таң атқаннан, кеш батқанға дейін жұмыс істеп көппен бірге өткізген қиындығы мол жылдардың игілігін де халықпен бірге көріп жатырмыз. Өмірде әрбір істің қайтарымы болады деген рас екен» дейді жанарына бүкіл әлемді сыйғызған Жәкия апа.
Еңбегі үшін алған марапаттарын қарап отырып, жолдасы екеуінің де тыл еңбеккерлері екенін растайтын құжаттарын көрдік. Сонымен қатар, Жеңіс күніне арналған мерейтойлық медальдармен де бірнеше рет марапатталғанын көрдік. Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, өмір көгінде еркін самғауы үшін қанатын қатайтқан ана келіндерін де өз перзентіндей көріп, бауырына басқанын айтады. Ененің талабы аналық мейіріммен астасып жатқандықтан да шығар, осы уақытқа дейін ешбір келіні аналарының айтқан сөзінен шығып, алдынан кесе көлденең өтіп көрген емес. «Барлығы да «мамалап» тұрады, бүгінде менің қолымды жылы суға малып, қартайған шағымда жас кезімдегі бейнетімнің зейнетін көріп отырғаным осы құлындарымның арқасы», деп ризашылығын білдірді. Немерелеріне ғана емес, бүкіл ауылға ақылшы болып отрған Жәкия апа жастарға ақыл-кеңесін айтып, батасын беріп отырады. Шаңырақтың шырағы іспеттес дана қариясы бар ел жастарының қашанда жөнсіздік пен жолсыздыққа бой ұрмасы хақ. Біз барған күні қуаныштың дәл үстінен түсіппіз. Әжейдің немересі тұрмыс құрғалы жатыр деп, үй іші түгел той қамымен жүр екен. Құшағына кең даланы сыйғыза алатын ана жүрегінен өмірлік азық алып, тыныстап отырған шаңырақтан жаңа бүр жарып жарқан жас гүлдің ғұмыры ұзақ болсын деген тілекпен шықтық. Иә, Ана тұғыры қашанда асқақ, мәртебесі жоғары болмақ.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз