Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкжайық ауылына кіре берісте көзге түсетін ғимараттың бірі – Алланың үйі - мешіт. 2006 жылы көктемде ауылымыздың тұрғыны Далабаев Қайрат Әзірханұлы Алла разылығы үшін халыққа мешіт салуды бастап, қыркүйек айында пайдалануға берген еді. Мешітті салып берген Қайрат Әзірханұлы қазіргі уақытта отбасымен Талдықорған қаласында тұрып жатыр. Халыққа жасаған бұл жақсылығы үшін көпшілік әр жылы оразада, айт намазында, жұма намазында дұға жасап, Қайрат Әзірханұлының отбасына амандық, денсаулық тілеп отырады. Бүгінгі күні, міне, он жыл уақыт өтті. Осы уақыт ішінде мешітіміздің ішінен талай жастар білім алды. Ислам дінінің алғашқы негізін үйреніп, әліппе, құран оқып, намаз оқып жүрген азаматтарымыз бар. Жыл сайын Семей, Өскемен қалаларының медреселерінен оқытушы ұстаздар келеді. Мешітімізде арнайы діни білім алған имам Жұмабек Досбайұлы Меирманов жұмыс істейді. «Дін – насихаттан тұрады» деген қағиданы ұстанатын молла Алланың үйінде намаз өткізіп, жас жұбайлардың некесін қиып, уағыз айтады, мешітке демеуші қарастырады.


Биылғы жылдың рамазан айы жақсылықтарға толы болғанын атап өтуге болады. Өскемен қаласының ерлер медресінен арнайы шәкірт тәрбиелеу үшін Мәуліт атты жас ұстаз келген еді. Осы бір ай ішінде мешітке келіп, ұстаздан 35 бала діни тәрбие алды. Мешітте бес уақыт парыз намазы, жұма намаздары, тарауық намазы өткізіліп тұрды.
Ағымдағы жылдың шілде айында ауыл имамының өтінішімен мешіттің төбесіндегі бір үлкен және төрт кішкентай мұнарасын Көкжайық ауылының тумалары, қазіргі уақытта Алматылық кәсіпкер Момбаев Әлімбек және Семейлік кәсіпкер Тұрсынхамбетов Нұрлан деген азаматтар қол ұшын созып, жаңалап берді. Мұнараларды қалпына келтіруге жалпы құны бір миллион теңге жұмсалды. Мұнараға шығындалған қаражат кәсіпкер азаматтарымыздың өз қалтасынан төленді. «Елім-ай-Көкпекті» шаруа қожалығы мұнараны орнату үшін жүк көтергіш кран машинасын жіберді, Бауыржан Есенұлы Байсакалов ағамыз ауыл тұрғындарын жинап, мұнараларды орнату жұмыстарын басқарды. Ел болып мешітімізге жаңа мұнаралар орнатылды. Бұл халық игілігі үшін жасалған үлкен ерлік болды десек, артық болмайды.
Әрине, әрбір нәрсенің өзіндік мәселелері болады. Мешітімізде де сондай қиыншылықтар бар. Мысалы, қыстық отыны, жыл сайынғы жөндеу жұмыстары. Атап айтсақ, неше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мешіттің төбесін шатырлау мәселесі. Жыл сайынғы жауын-шашыннан төбесінен су өтіп, мешіттің ішіне ағуда. Осы шаруаның барлығы ауыл имамына жүктелген. Қазіргі уақытта смета жасатып, демеуші іздестіруде. Кім біледі, мүмкін бұл іс те бір күні қайырын табар.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, келешек жастарға ілім беріп, тәрбие көрсетуге Алла разылығы үшін бәріміз бір адамдай қолдау көрсетейік. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын! Алла ел тыныштығынан айырмасын!


Н.Мейірманова, жетекші маман

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз