Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Туған ауылдың түтінін түзу ұшырып, заман талабына сай дамуды азаматтық парызы санаған теректілік азаматтардың бірі – Мұрат Бүлкенов. Тынымсыз еңбегі арқасында алдына қойған мақсатына қол жеткізіп отырған кейіпкеріміз Теректі ауылының тұрғыны, әрі сыйлы азаматы.


«Екі қолға бір күрек» дегендей, Теректі ауылында сынықты сылтау етіп отырған адам жоқ десе де болады. Әркім қолынан келгенше өзінің тірлігін жасап, ертеңгі күннің жоспарын құрып отырған жайлары бар. Солардың бірі және бірегейі, «Қарақас» шаруақожалығы. Төрт-түлік ата-баба кәсібі десек те, қиындығы бір басқа жетіп артылатын мал өсіру ісімен, егін шаруашылығымен айналысатын «Қарақас» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігінен танысудың сәті түскен еді. Бүгінде екі қолға бір күрек таппай жүрген жандарға үлгі болсын деген ниетпен, «Қарақас» шаруа қожалығының басшысы Мұрат Булькеновтің үйіне қарай жол тартқан едік. Шаруа қожалық туралы Мұрат аға былай баяндап берді: «Қарақас шаруа қожалығының іргетасы 1995 жылы құрылды. 1982 жылы Теректі ауылына зоотехник мамандығымен келіп еңбек жолын бастадым. Содан заман өзгерген соң, 1995 жылдан өз шаруа қожалығыммен айналысып, еңбектің жемісін көріп отырмын. Шаруақожалықта барлығы 7 адам еңбек етеді. Құдайға шүкір, қазір ел қатарлы жүріп жатырмыз. Жұмыстың жеңілі жоқ, қиындықтың бәрін жеңіп, алға ұмтылу керек. Ерінбей еңбек етсең ғана, бақыт келіп басын иеді, сондықтан барлығы маңдай термен келеді, - деді.
Осындай еңбек майданында жанында жан жары Сақыпжамал апай жүреді. Сақыпжамал зейнеткер, бала тәрбиесіне 35 жыл уақыт арнаған ұлағатты ұстаз. Сөйте жүріп Мұрат аға екеуі 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді. Қатарынан кем қылмады. Ұл-қыздарының бәрі жоғары оқу орындарын аяқтап, мамандық иесі атанып, өз алдарына шаңырақ көтерді. Қолдары ұзарып, келін жұмсап, балалардың болашағына сүйсінген ата-ана осылайша еңбек жолында тіршілігін жалғастырып жатты. Әлі де алға қойған мақсаттар, тындыратын тірліктері көп.
Шаруа қожалықтың жем-шөп дайындау үшін «МТЗ-82», «МТЗ-102» маркалы тракторлары жұмыс істесе, 2016 жылы лизинг жүйесімен алған «МТЗ-1221» маркалы тракторы өз тиімділігін дәлелдеп, шаруа жұмысына көмегін тигізуде. Мал басын өз төлі есебінен өсіру арқылы өнімдерінің сапасын молайтуды көздеген шаруа қожалықтың алдыға қойған мақсаттары жоғары. «Қарақас» шаруа қожалығы осы мақсатта жұмыс жүргізе бермек. Әрбір жұмыстың жүзеге асырылуынан, тындырымды тірліктен рахат тапқан шаруа қожалықтың еселі еңбегіне табыс тіледік.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз