Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

28 Ақпан 2024

ОБЛЫСТА ӨТКЕН ҒЫЛЫМИ КӨРМЕДЕ ИСАТАЙДЫҢ ЖҰМЫСЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Биыл Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетіне 90 жыл толып отыр. Мереке аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Осы орайда, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев «Білімді жастар – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты қозғаушы күші» тақырыбында дәріс өткізіп, жастарға өз тәжірибесімен бөлісіп, болашаққа деген көзқарасын білдірді.
Дәріс барысында облыс әкімі IT саласы мен жасанды интеллектті дамыту жоспарына тоқталды. Ол креативті индустрияның және жастардың ғылыми зерттеулері мен стартаптарын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
«Жаңадан құрылған Абай облысының дамуы – өздеріңіздей мамандар қолында. Кез келген қоғам үшін сапалы маман әрқашан бағалы. Сондықтан, осында отырған әр маман, Семейді, Абай елін көркейтуге күш салады деп сенемін», - деп қосты Нұрлан Ұранхаев.

Read more

САМБОНЫҢ САҢЛАҒЫ «АЛТЫН КІТАПҚА» ЕНДІ

Ақпан айының 22-сі күні Көкпекті аудандық кітапханасында самбоның саңлағы, қазақ күресінің жеңімпазы, дзюдоның шебері Тлебалдин Серікбосын Асырандыұлының есімі енген «Қазақстанның Алтын кітабы» энциклопедиясының тұсаукесері өтті.
«Қазақстанның Алтын кітабы» бойындағы қабілетін ізденіске, қажыр-қайратын, еңбегін ел игілігіне арнаған алтын жүректі, есімі ел есінде, еңбегі кейінгі ұрпаққа қалуы тиіс тұлғаларды бір жинаққа топтастырған. Тек үздіктердің үздігі енетін, республика бойынша ешқандай баламасы жоқ, өзгеге ұқсамайтын, өзіндік айтары бар бірден-бір басылым.
Тұсаукесерге аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахимбаев, Көкпекті ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайдырақим Файзуллин, мәдениет, тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысының м.а. Әлібек Саржанов, Ұлттық спорт ойындары орталығының директоры Бауыржан Түсіпжанов және спортшы оқушылар қатысты. Көрерменге кітапханашылар Айнұр Зарипова Серікбосын Асырандыұлының өмірбаянымен таныстырды, Айгерім Маханова «Қазақстанның Алтын кітабы» энциклопедиясына енгізілуі туралы слайд көрсетіп, баяндама оқыды. Жас спортшылармен сыр-сұхбат өткізілді.

Read more

БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ!

Ақпан айының ортасы Көкпекті ауданы  үшін ауа-райының  күрт өзгеріп,аяз түсуі  тұрғындарға  (автокөлік жүргізушілерінен бастап коммуналдық қызмет өкілдеріне дейін) көптеген қиындықтар туғызды.

Ауа-райының бұзылуына байланысты Көкпекті ауданындағы елді мекендер арасында ғана емес, облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдарда да көлік қатынасы үзілді. Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың шешімімен ауа-райының қолайсыздығына байланысты ауданда жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай режимі енгізілді.
Ауданның коммуналды қызмет көрсету саласының бар күші мен жеке кәсіпкерлердің техникасы қалың қармен күреске жұмылдырылды. Бірлескен жұмыстың арқасында Омбы-Майқапшағай республикалық тас жолының Көкпекті мен Қалбатау ауылдары аралығында қар құрсауында қалып қойған 400-ге жуық жолаушы эвакуацияланды.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз