Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

10 Сәуір 2020

ЕГІСТІК НАУҚАНЫНА ҚЫЗУ ДАЙЫНДЫҚ

Елдегі төтенше жағдайға қарамастан көкпектілік шаруа қожалықтар көктемгі егістік жұмыстарына қызу дайындық жүргізіп жатыр. Бүгінде техника жөндеу, тұқым дайындау, арзандатылған дизель отынын алу жұмыстары басталып кетті. Егістік науқаны негізінен сәуірдің 20-нан кейін басталады. Ол көктемгі ылғал жабу жұмыстарынан бастап, жер жырту, дәнді дақылдар себу ретімен атқарылмақ. 

Егіс жұмыстарын ұйымдастыру ауа райы, тұқым сапасы және жеке ауыл шаруашылығы өндірушісінің жыл қорытындысы ғана емес, жалпы ауданның да әл-ауқатына байланысты. Сондықтан көктемгі егіс жұмыстарының барысы аудан әкімінің ерекше бақылауында.
4 сәуір күні аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Серікбек Қонысбаев және аудандық газет тілшілері бірқатар іргелі шаруа қожалықтарында болып, дайындық барысын көзімен көріп қайтты. Қайрат Дүйсенбаев басшылық ететін «Рустам» қожалығы, Жұмабек Күшікпаевтың "Талап" ШҚ, ағайынды Бекбердиновтердің «Елім-ай» агро-өнеркәсіп кешені, Ержан Қойгелдиннің «Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалары сақадай сай. Сондай-ақ, Самар өңіріндегі Есембек Мәмбетовтің «Мәмбет», Самарқан Жотабаевтың «Қалисатарұлы», Михаил Лопаткиннің «Лик» шаруа қожалығының базасында болған сала басшылары дайындық барысына оң баға берді.

Read more

ЖАҒДАЙ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Көкпекті ауданында коронавирус індетінің алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Ауданға кіру және шығу жолдарына полиция қызметкерлерінің қатысуымен тәулік бойы бақылау орнатылды. Әрбір ауылдық округке келіп-кеткен жолаушылар тіркеуге алынуда. Түнгі уақытта кезекшілік ұйымдастырылып, бейсауат жүрген тұрғындарға індеттің қауіптілігі мен оқшауланудың маңыздылығы түсіндірілуде. Аудан әкімі Асхат Смаилов әрбір ауылдағы жағдайды қадағалап, кезекшілік жұмысын жіті бақылауда. Самар ауылындағы кезекшілік жұмысын қадағалау мақсатында күн сайын аудан әкімінің орынбасарлары барып танысып отыр.

Read more

БІРЛІККЕ ШАҚЫРҒАН ҮНДЕУ

Нұрлан Құсманұлы Әубәкіров, Көкпекті ауылының емхана меңгерушісі:

- Қазір тұтас әлем тәжді тажал-дың алдында тізе бүгуге мәжбүр болып отыр. Біздің елге де дендеп кірді. Қолымыз жағамыздан түспей, дерт жұқтырған науқастардың сәт санап ұлғайып жатқанына, жасырары жоқ, алаңдаулымыз. Ақ халаттылардың бейнетқорлықпен, жансебілдікпен атқарып жатқан жұмысы, құқық қорғау саласы қызметкерлерінің үздіксіз еңбегі назарымызда. Мейлінше құрмет тұтуға лайық! Осы бір алма-ғайып шақта халықты сабырға шақырып, жол нұсқап, жөн сіл-тейтін, жұбаныш лебіз айтатын ел ағаларының сүйеу болып отыруы заңдылық. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған үндеуі үмітті үкілеп, жігерді жани түсті. «Біз осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз. Ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар. Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ», - деді Елбасы. Ол үндеуінде халықтың әр деңгейлі тобын назардан тыс қалдырған жоқ. Қиындықтың бәрі еңсеріліп, елдің береке-ырысы еселенер күндер алыста емес деп сенеміз. Әзірге, құрметті жерлестер, сақ, сабырлы, тәртіпті болайық!

------------------------------------------------------------------------------------ 

Саягүл Мағауияқызы Тлебалдина, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
- Қазақстанның Тұңғыш Прези-денті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлемді, оның ішінде елімізді шарпыған жұқпалы дертке қатысты қазақстандықтарға үндеу жариялады. Онда Елбасы осындай ауыр кезеңде барлық ел тұрғындарын Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырды. Еліміздегі төтенше жағдайдың қажетті әрі маңызды қадам екенін атап өтіп, ең бастысы азаматтар мен мемлекеттің мүддесін қорғау жолында барлық қажетті шаралар жасалып жатқанын жеткізді.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті осындай сындарлы сәтте ұлттық бизнес өкілдерінің ел-жұртқа көрсетіп жатқан көмегі үшін ризашылығын білдірді. Яғни елімізге сын-қатер төнгенде қазақстандық кәсіпкерлер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ауызбірліктің арқасында көмектерін көрсетуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлерге қол астында еңбек етіп жүрген жандарға қаржылай да, моральдық тұрғыдан да жәрдемдеседі деп сенім білдірді. Осыған байланысты кәсіпкерлерді елге қамқорлық танытуға шақырамын. Қолдан келгенше көмек қолын созып, осындай сындарлы сәтте бірлік, ынтымағымызды таныта білуіміз керек. Елдің бірлігі болғанда ғана барлық қиындық атаулыны еңсеретініміз анық. Сол себепті елдегі төтенше жағдай кезеңінде сабыр сақтап, татулығымызды көрсетуіміз қажет. «Біз біргеміз» ұранымен бұл уақытша кезеңнен де өтетініміз айқын.

Read more

БІРЛІККЕ ШАҚЫРҒАН ҮНДЕУ

Талғат Манапұлы Сарманов, аудандық мәслихаттың хатшысы:
- Елбасы мақаласын оқып шыққан соң біршама ой орамдарымен бөлісуді жөн көрдім. Кез келген басшы ең алдымен ел бірлігін ойлары хақ, ал елдің іргетасын қалаған Тұңғыш мемлекет басшысының халқын қиын кезеңде бірлікке шақыруы бөлек әңгіме. «Жау жоқ деме – жар астында, ауру жоқ деме – аяқ астында». Міне, елде сондай жағдай болып тұр. Төтенше жағдай жариялауға мәжбүр етті, әрине індет бізді ғана емес, бүкіл әлем жұртын дүрбелеңге салды, оны көз көріп отыр. Осындай қиын-қыстау кезеңде ақсақалдарға, орта буынға және жастарға, әр топтың өкілдеріне Елбасымыздың жеке сөз арнауы тегін емес. Сөз қадірін түсінетін, түйсінетін елдің ұрпағына және бізбен етене ғұмыр кешіп келе жатқан басқа ұлт өкілдеріне қарата айтылған деп ойлаймын. Ұлы даналардың орнымен пайдаланған нақыл сөздері мен ақылдары, өмірдің өзінен алған түйіндемелері көпшілікке ой салуға тиіс.
Әрқашан қолында барымен бөліскен халықпыз және аталы сөзге тоқтаған елдің ұландарымыз. Бірлікке шақырған Елбасы сөзі көңілге қонады, жүрекке жетеді. Біз біргеміз!

Read more

БІРЛЕСЕ БІЛГЕН ЕЛ БӘРІН ЖЕҢЕДІ

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

Тәуелсіздік жылдары ел өмірінің ең қиын да күрделі кезеңдерінде мен кез келген мәселені қадірменді отандастарыммен бірге бүкпесіз, ашық талқыға салып, туған халқыммен үнемі ой бөлісіп келемін. Бүгінгідей бүкіл әлем алаң күй кешіп, ұлт саулығы сынға түскен қазіргі сәтте де баршаны сабырға, байсалдылыққа шақырып, тағы да жұртыма ақ тілеулі сөзімді арнағалы отырмын.

Тұтқиылдан келген жаман індет – коронавирус дерті барша адамзатқа қауіп-қатер төндіруде. Қазірдің өзінде дүние жүзі бойынша 1,4 миллионнан астам жан осы сырқатқа шалдығып, ондаған мың адамның өмірі қиылды. Сондықтан әлем мемлекеттері қатерлі дертке бірлесе дауа іздеп, бүгінгі заманның бар күш-қуатын, ақыл-ойы мен ғылым-білімінің жетістігін ортақ мақсат жолына бірлесе жұмылдырып, ынтымақтаса әрекет етуде.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз