Қараша 2019

04 Қараша 2019

МАҚСАТЫ АЙҚЫН САЛА

Күнделікті өмірімізді санаққа алып отыратын статистика бөлімі екенін көпшілік қауым біле бермейді. Статистика жалған сөйлесе, мемлекеттің ілгері қадам басуына, экономикасына кері әсері тиеді. Мысалға тұтынатын тауарын, мал-жанның санағы, жалақы, зейнетақы, қысқасы қандай да бір мемлекет ең алдымен өзінің статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, болашағына бағдар жасап, ертеңгі күнінің тағдырын болжап отырады. Биылғы жылы елімізде статистика бөлімінің құрылғанына 99 жыл толып отыр. 1920 жылы 8 қарашада Жоғарғы Кеңестің ұйғарымымен құрылған статистика саласы, бір ғасырға жуық жұмыстарын үзбестен үздіксіз халыққа, елге қызмет атқарып келе жатыр. Көкпекті ауданы бойынша статистика бөлімінің басшысы Гүлғана Құжатқызы Беспаевамен алда келе жатқан мейрамдарына байланысты құттықтап, әрі әңгімелесу үшін мекемелеріне бас сұққан едік. Статистика бөлімі 1997 жылы Семей және Шығыс Қазақстан облысының біріктірілуі нәтежиесінде Шығыс Қазақстанның Статистика басқармасының Көкпекті ауданының Статистика бөлімі болып қайта ұйымдастырылды. 2009 жылы Көкпекті аудандық Статистика бөлімі Көкпекті ауданының Статистика басқармасы болып өзгертілді. Басқарма басшысы Гүлғана Құжатқызы 2006 жылдан бастап осы мекеменің тізгінін ұстап келеді. 2006 жылы ауданда екі кезеңнен тұратын, бірінші Ұлттық ауыл шаруашылық санағы ойдағыдай өтті. Ал 2009 жылы Көкпекті ауданы Ұлттық халық санағын өткізу бойынша үздіктердің қатарында болды.

Read more

СЕНБІЛІККЕ САЛҒЫРТ ҚАРАЙТЫНДАР БАР

Бүгінгі таңда туған жердің тазалығы күн тәртібіндегі ең бірінші мәселелердің бірі болып тұр. Өткен жұма күні аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаиловтың тапсырмасы бойынша Көкпекті ауылында орын тепкен Жеңіс саябағында ауылдық округ апаратының ұйымдастыруымен сенбілік өтті.
Аудан орталығы Көкпекті ауылы тоғыз жолдың торабында орналасқан тұрғындарының тұрмысына жайлы мекен. Көшелері жылдан жылға көркейіп, ғимараттар да жаңартылып жатыр. Халық игілігі үшін қызмет атқаратын көптеген мекеме мен ұжымдар өз істерінің нағыз майталмандары. Міне, осындай елді мекендегі Жеңіс саябағында өткен сенбіліктің нәтижесі көз қуантарлық деп айтуға негіз жоқ.

Read more

Парызын өтеуге шақырады

Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы және міндеті болып табылады, сондықтан жастарды Қазақстан армиясы қатарына салтанатты түрде шығарып салу игі дәстүрге айналды.
24 қазан күні Көкпекті орта мектебінде «Отаныма қызмет етемін - 2019» атты аудандық іс-шара өтті. Іс-шараға ауданның түпкір-түпкірінен әскерге шақырылу жасындағы жасөспірімдер, олардың отбасы мүшелері, әскерде қызмет ететіндер, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Read more

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты бірінші Жолдауында мәдениет саласында оң өзгерістер жүргізуге ерекше назар аударды. Бұл сала өз алдына ерекше көңіл бөлуді, оның қызметкерлерінің шығармашылық өрлеуін қолдауды, ынта-жігерді, еліміздің мәдени және рухани әлеуетін дамытуды талап етеді. Барлық уақытта мәдениет қоғамда біріктіруші рөл атқарады.
Көкпекті ауданының мәдениеті жоспарлы және тұрақты дамып келеді, оған Қ.Алтынбаев атындағы Көкпекті және И.К.Федосов атындағы Самар Мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша атқарушы билік жұмысының нәтижелілігінің негізгі индикаторлары дәлел.
Ағымдағы жылы мәдениет үйінің көрермендер залдарында LED экрандар орнатылған, мекеме басшылары қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етілген, аумақтар абаттандырылған, алдағы жылы әртістердің сахналық киімдерін жаңарту жоспарланып отыр.

Read more

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз