Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

25 Қараша 2019

ӘЛІМЖАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Өскемен қаласында «Цифрлық Шығыс – 2019» ІТ форумы өтті. Биылғы Жастар жылына орай, «Рухани жаңғыру» және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған форум аясында облыста тұңғыш рет өткен Хакатон да мәресіне жетті. Форумға облыс әкімі Даниял Ахметов және аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы да қатысты. 

Жас програмистер екі күн бойы әлеуметтік маңызы бар вэб-қосымшалар жобасын жасап, қазылар алқасының алдында қорғап шықты. Аталмыш форумға біздің ауданнан Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің 9 сынып оқушылары Әлімжан Әшімов пен Мирас Сүлейменов бақтарын сынады. Оларға жетекшілік еткен пән ұстаздары Д.Мергенчинов. Б.Кәрібаев болды. Форумда Әлімжан Әшімов ұстаздарының, мектептің, ата-аналарының үмітін ақтап облыс әкімінің 368150 теңгенің сертификатына ие болды.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз