Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

19 Желтоқсан 2018

ӨТІНІШТЕРГЕ ТОЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРІЛДІ

Аудан әкімінің кезекті қабылдауында Самар ауылдық округінің тұрғындары жеке кәсіпкерлік, тұрғын үй, зейнетақы жинақтау қоры бойынша мәселелерін көтерді.
Осылайша, Көкжыра ауылының тұрғыны бұйымдар тігу бойын-ша өз ісін ашу туралы сұрады. Аудан әкімі «Бастау – бизнес» бағдарламасы бойынша шағын несие алу жөнінде толық түсініктеме берді. Құлынжон ауылдық округінің әкімі С. Кұнафинге кәсіпкерлік негіздерін оқытуға және «Бастау-бизнес» бағыты бойынша сертификат алуға, бизнес-жоспарды және ауыл бизнесінің басқа да аспектілерін ресімдеуге өтініш иесіне көмек көрсетуге тапсырма жүктелді.

Read more

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні ауданымызда жыл сайын ерекше сән-салтанатпен аталып өтіледі. Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Бұл – экономиканың ең маңызды саласының бірі. Халық тұтынысына қажетті тауарлардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Бар күш-жігерін дәл осы салаға салып, ырыздығын жерден көрген дихандар үшін бұл басқосу дүбірлі думанман деңгейлес. Себебі шаруалар жаздай көрген қиыншылығының жемісін осындай думанды кеш аясында айқын сезінеді. Бір жылдық еңбегінің бағасын біледі. Машақаты мол міндеті үшін зор марапат алады. Аудан аумағында аталып өтілген айтулы күн аясында ауылшаруашылық саласы мамандарын жергілікті билік өкілдері құттықтады.

Мәдени шараға ауданның мемлекеттік мекеме басшылары, аудан кәсіпкерлері, шаруа қожалықтарының басшылары, ветеринария және ауылшаруашылығы салаларының мамандары қатысты.
Шара барысында ауданның осы уақытқа дейiнгi ауыл шаруашылығы саласында қол жеткен жетiстiктерi паш етiлген көрме ұсынылды. Аталмыш көрмеде Самар ауылындағы «Мәмбет» ШҚ нан өнімдері, «Рыбпром» ЖШС-ның балық өнімдері, Көкжыра ауылындағы «Көкжыра сүт» ШҚ өнімдері, Көкпекті ауылындағы бал өндірумен айналысатын «Рустам» ШҚ балдары және Теректі ауылындағы жеке кәсіпкер Бибітгүл Сағатбекованың наубайханасының өнімдері қойылды.
Жиылған қауымды аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов ауылшаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
- Біз бүгін өңірдің ауылшаруашылығы қызметкерлерінің бір жылдық жұмысын қорытындылап, сала мамандарына құрмет көрсетуге жиналдық. Ауылшаруашылығы – ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші салалардың бірі. Ауылшаруашылығы саласында еңбек еткендердің үміті келешекте өзін-өзі толықтай ақтайтынына баршамыз сенеміз.

Read more

ЕЛ ҚҰРМЕТІ - ЕРІНЕ

Көкпекті ауданының әлеуметтік - экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін  Қазақстан Рес-публикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Салихұлы Сабильяновқа Көкпекті ауданы мәслихатының 3 қазандағы № 26-5/8 шешімімен - «Көкпекті ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Аудан әкімі Асхат Смаилов пен аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сарманов барша көкпектіліктердің атынан Нұртай Салихұлына алғыс айтып, «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» төсбелгісі мен куәлігін табыстады.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз