Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

29 Қазан 2018

БАС ПРОКУРАТУРА «QAMQOR» ҰЯЛЫ ҚОСЫМШАСЫН ЖЕТІЛДІРДІ 2018

Ағымдағы жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәсіпкерлерге арналған «Qamqor» ұялы қосымшасының жетілдірген нұсқасын іске қосты.
Негізгі жаңашылдығы ретінде тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген QR кодты оқитын функционалы болып табылады. Кәсіпкер аталған кодты сканерлеп, тексерушінің тексеру мерзімі мен түрі туралы және т.б. нақты ақпаратты көріп, оны қағаз үлгідегі тексеру тағайындау туралы актісімен салыстыра алады.

Read more

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ

Қарттар күнін мерекелеу аясында Көкпекті ауданының орталығында Ардагерлер үйі ашылды. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында аудан әкімі
Асхат Смаиловтың бастамасымен, жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен қысқа мерзімде жүзеге асқан игілікті жоба салтанатты жағдайда ашылды. Ауылдық округ әкімшілігінің ғимаратында орналасқан Ардагерлер үйі 24 қазанда пайдалануға берілді. Толық жөндеуден өткізілген ғимаратта қарттардың бас қосып, түрлі жиын өткізулеріне, шығармашылықпен айналысуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашевтың жұмыс бөлмесі де осында. Мұнда қазыналы қариялар бірлесіп жұмыс істеп, түрлі бастамаларды жүзеге асыратын болады.

Read more

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУДА

Самар ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Өтеғұлұлы Бектұрғанов, Жарасов Жанат Абдоллаұлы, Хитуов Тарас Кикбайұлының қатысуымен үгіт-насихат тобының аудан тұрғындарымен кездесуі болып өтті. Құрметті қонақтарды «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтарханов Әнуарбек Мұхтарханұлы, аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Бақыт Оразғалиева қарсы алды. 

Мәдениет үйінің жарқын кең фойесі ауданымыздың этномәдени жетістіктерінің стиліндегі мерекелік түрге безендірілді. Ауданымызда тұратын түрлі ұлт өкілдері өздерінің ұлттық костьюмдерін киіп, тағамдарын ұсынды және ән айтып, би биледі. Осының бәрі ұлттық мәдениеттің жоғарғы үлгісін көрсетті.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз