Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өз жұмысын бастады.
Акцияның мақсаты аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар қатарындағы оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету. Қайырымдылық акциясы еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өтеді. Акция барысында мұқтаж балаларға қажет мектеп формасы, аяқ киімдер мен оқу құралдары табысталмақ.
Үлгілімалшы ауылдық округінің Абай атындағы мектеп-балабақша кешені ұжымы аз қамтылған, көпбалалы отбасындағы екі балаға киім-кешекпен көмек көрсетті. "Шыңғыс" жеке кәсіпкерлік басшысы К.Смаилов аз қамтылған көпбалалы отбасындағы 1 балаға оқуға қажетті құрал - жабдықтармен демеушілік жасады.

Үлгілімалшы ауылдық округі
әкімдігінің ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз